Видеодан алынған кадр

«Дәрігерлер оны өледі деген»: мисыз туған қыз 20 жасқа толды

АҚШ-та миы жоқ болып туған науқас қыз 20 жасқа толып, дәрігерлерді таңғалдырды және әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы People басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Омаха қаласының (Небраска штаты) тұрғыны Алекс Симпсон 2005 жылы гидранэнцефалия диагнозымен дүниеге келген. Дәрігерлер бастапқыда оның өмірі 4 жылдан аспайды деп болжаған еді. Алайда осы күзде Алекс барлық болжамдарды жоққа шығарып, 20 жасқа толды.

Ата-анасы қыздарын «нағыз күрескер» деп атайды, ал оның өмірін «ғажайып» деп сипаттайды. Олар мұндай ерекше жағдайды махаббат және сенімнің күші деп түсіндіреді. Туыстарының айтуынша, Алекс көрмейді де, естімейді де, бірақ жақындарының жанында екенін сезіп, олардың эмоциялық жағдайына реакция білдіре алады.

Медициналық деректерге сәйкес, гидранэнцефалия – өте сирек кездесетін ауру, ол әр 5-10 мың жүктіліктің бірінде ғана байқалады және әдетте бала өмірінің алғашқы жылында өлімге әкеледі.