Жаңалықтар

Дәрігерлер Маңғыстауда әйел жатырынан 20 апталық жүктілік кезіндегідей ісік алды

Дәрігерлер Маңғыстауда әйел жатырынан 20 апталық жүктілік кезіндегідей ісік алды
Фото: Президент іс басқармасы Медицина орталығы 16.11.2023 03:28 1218

«Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы аясында Маңғыстау облысында іссапарда болған аталған аурухананың гинеколог дәрігері Әділ Адрешев 6 өңір тұрғынына операция жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері Әділ Адрешев  гистерэктомия, миомэктомия, бедеуліктегі тубэктомия, киста және кистэктомия және синехия бойынша жасаған операциялар сәтті шығып, науқастар бүгінде қалыпты жағдайда. Оның ішінде ең күрделісі – жатырдың үлкен көлемді миомасы, яғни ішкі ағзалардың шырышты қабаттарының тегіс бұлшықеттерінен түзілетін қатерсіз ісік. Ісік салдарынан 45 жастағы әйел жатыры 20 апталық жүктілік кезіндегідей үлкейіп кеткен. Дәрігердің айтуынша, сирек кездесетін бұл жағдай тәуекелді қажет еткенімен, уақытында көрсетілген көмек нәтиже беріп отыр.

45 жастағы наукастың медициналык көрсеткіші бойынша лапароскопия әдісімен жатыры алынды. Операцияның күрделігіне қарамастан, маңғыстаулық әріптестердің біліктілігі мен аурухананың қажетті медициналық құралдармен жабдықталуы ешқандай техникалық проблема тудырмады, – дейді ҚР ПІБ МО ауруханасы Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің гинеколог дәрігері Әділ Адрешев.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында Әділ Адрешевтің жетешілігімен жасалған операцияларға орталық дәрігерлері қатысты. ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті маманы операция барысында хирургия саласындағы  тәжірибесімен бөлісіп, практикалық, консультативтік  диагностикалық көмек көрсетті. Орталық  дәрігерлері  медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектесетін кеңестер алып, шеберліктерін шыңдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға