Жаңалықтар

Дәрігерлер банк ғимаратында кепілде болғандардың жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер банк ғимаратында кепілде болғандардың жағдайы туралы айтты
Фото: El.kz 18.06.2023 20:01 786

Елордадағы банк бөлімшелерінің бірінде орын алған оқыс оқиғада кепілдікте болғандардың денсаулық жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған қатысты Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

18 маусымда ер адам қалалық банкте адамдарды кепілдікке алды. Жараланғандар жоқ. Кепілдікке алынған үш  адамда «күйзеліске қарсы жіті реакция» байқалды. Оларды жедел медициналық көмек қызметінің мамандары толық тексерді. Ауруханаға жатқызуға еш себеп болмады, - делінген ведомствоның ақпаратында. 

Еске салайық, бұған дейін жазғанымыздай, Астанада Kaspi банк бөлімшелерінің бірінде бірнеше кызметкерді кепілге алған 30 жастағы ер адам тұтқындалды.

Кепілге алушымен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға