Дәрігерлер әйелдің жатырынан 10 келіден асатын ісікті алды
Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері өте ауыр жағдайдағы науқастың жатырынан 10 келіден асатын ісікті алып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жатыр миомасы диагнозы қойылған 56 жастағы науқасқа ота жасалған.
Жатыр ісігі жүктіліктің 40-аптасына сәйкес келген. Ісіктің көлемінің ұлғайғаны соншалықты, науқастың тыныс алуы қиындаған. Ісіктің салмағы 10 келіден жоғары болып шықты. Әйелде тахикардия, қант диабеті, қан қысымының төмендігі және басқа да созылмалы аурулар анықталған.
Аурудың клиникалық көрінісін, атап айтқанда, жақын тұрған органдардың қызметінің бұзылуын ескере отырып, өмірлік көрсеткіштер бойынша жатырды экстерпациялау отасы жасалды. Бұл ота жатыр мойнын алып тастау үшін жасалды. Операция екі сағатқа созылды және сәтті өтті. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты. Жақын арада аруханадан үйіне шығарамыз, - дейді гинеколог дәрігер Алиса Байназарова.
Науқас қазір орталық қалалық клиникалық ауруханада ем қабылдап жатыр.
20 жыл бұрын ісік пайда болды, басында кішкентай еді, кейін бұл түйіршік өсе бастаған. Мен жүрегімді тексертуге барсам, олар маған жатырды тексеру керектігін айтты. Бірақ ол кезде мен мән бермедім. 2021 жылы мен коронавирус инфекциясымен ауруханаға түстім. Дәрігерлер мені ультрадыбыстық зерттеуге түсіріп, толық тексерістен өткізгеннен кейін мамандарға қаралуға кеңес берді. Бірақ мен тағы мән бермедім. Ал, ішімнің өсіп жатқанын салмақ қосып, толып барамын деп ойладым. Кейін қан кетті. Тек сол кезде ғана мен дәрігердің көмегіне жүгіндім. Маған МРТ жасаған соң өте үлкен көлемдегі миома бар екенін және оны шұғыл түрде отамен алып тастау қажеттігін жеткізді, - дейді әйел.