Дәрігерлер алғаш рет Даун синдромы бар науқастан артық хромосоманы алып тастады
Мөлдір Қайнар тілші
Жапон ғалымдары медицина тарихында алғаш рет Даун синдромына шалдыққан науқастан 21-хромосоманы алып тастауға қол жеткізді.
Ғылыми жетістік туралы Vietnam басылымы жазды
Зерттеу тобына доктор Рётаро Хасидзумэ жетекшілік еткен. Ғалымдар артық хромосоманы жою үшін заманауи CRISPR-Cas9 гендік редакциялау технологиясын қолданған.
Жетістік пен ықтималдық
Мәліметтерге сәйкес, бұл әдіс клеткалардың қалыпты қызметін қалпына келтіру ықтималдығын 37,5% деңгейінде көрсеткен. Емделген жасушаларда мынадай оң өзгерістер байқалды:
- Өсу жылдамдығы қалпына келді;
- Гендердің экспрессия (іске қосылу) паттерндері түзелді;
- Антиоксиданттық қабілеті жақсарды.
Клиникалық шектеулер
Алайда бұл әдіс клиникалық тәжірибеде тұрақты қолдануға әлі дайын емес. Себебі процедура кезінде басқа хромосомаларға зақым келу қаупі жоғары. Сондықтан ғалымдар бұл бағытта әрі қарай жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін адам өмірін екі есе қысқартатын сезім туралы жазған едік.

