Дәрігерлер 4200 шақырым қашықтықтағы науқастың көзіне операция жасады
Қытай дәрігерлері хирургиялық роботтың көмегімен 4200 шақырым қашықтықта орналасқан пациентке көздің тор қабығы астына инъекция жасау операциясын сәтті орындады. Бұл туралы Сунь Ятсен университеті хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Мамандар Гуанчжоу қаласынан Үрімші тұрғынына 5G байланысы арқылы қашықтан көмектескен.
Бұл операция Қытайдағы жоғары дәлдікті қашықтан офтальмологиялық хирургияны тәжірибелік деңгейден нақты қолдануға көшу жолындағы маңызды қадам болды, – деді Сунь Ятсен университетінің «Чжуншань» офтальмологиялық орталығының өкілі Линь Хаотянь.
Операция барысында робот Үрімші тұрғынының көзіне микроине енгізіп, Гуанчжоудағы дәрігерлер оның қозғалысын қашықтан басқарып, инені қажетті тереңдікке жеткізіп, дәріні енгізген. Барлық процедура жеті минутқа жетпей аяқталған.

