pexels

Дәрігер суық тиюге қарсы күресте cарымсақтың тиімcіз екенін айтты

06.08.2025 09:25

Суық тиюден қорғану үшін апельсин немесе сарымсақ секілді жекелеген өнімдерге сенім арту — қате түсінік. Бұл тағамдардың иммунитетті нығайтуға ықпалы болғанымен, сырқат белгілері пайда болғаннан кейін олар айтарлықтай нәтиже бермейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Австралиядағы Суинберн университетінің диетологы Нина Имад Medical Xpress басылымына берген сұхбатында айтты.

Маманның айтуынша, иммунитетті бір күнде нығайтып жіберетін «ғажайып» тағам жоқ. Дені сау иммундық жүйе ұзақ мерзімді күтімді талап етеді: тұрақты ұйқы, физикалық белсенділік, күйзелісті басқару және әртүрлі пайдалы тағамдарды тұтыну — оның негізгі тіректері.

Апельсин мен басқа да С дәруменіне бай өнімдер — киви, жидектер, брокколи мен көк шөптер — пайдалы екені сөзсіз. Алайда С дәруменін ауру белгілері пайда болған соң қабылдау оның ұзақтығын қысқартуға айтарлықтай әсер етпейді. Бұл дәруменді үнемі пайдалану ғана сырқаттың өту уақытын аздап қысқартады, — дейді диетолог.

Сарымсаққа келсек, кейбір ғылыми зерттеулер оның иммуномодуляциялық қасиеттерін көрсеткен. Дегенмен, диетологтың айтуынша, сарымсақ негізіндегі биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) суық тиюге қарсы нақты тиімділігі дәлелденбеген.

Суық тиюдің ұзақтығын қысқартуда мырыштың пайдасы зор. Аурудың бастапқы кезеңінде мырыш қоспаларын қабылдау оның симптомдарын жеңілдетуі мүмкін. Бұл микроэлементке бай табиғи өнімдерге — ет, теңіз өнімдері, бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар, сүт өнімдері жатады, — деп атап өтті дәрігер.

Сонымен қатар, Нина Имад ағзада D дәруменінің тапшылығына жол бермеу — иммунитетті қолдаудың тағы бір маңызды шарты екенін ескертті. Бұл витамин иммун жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. D дәруменінің негізгі табиғи көздері: майлы балық, жұмыртқа, саңырауқұлақ, бауыр және арнайы байытылған сүт өнімдері. 

Бұған дейін  тұмаудан баланы қалай қорғауға болатыны туралы жазған едік.