Дархан Қыдырәлі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті
14.05.2023 04:22
Фото:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Талдықорған қаласында Жетісу жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министр салада атқаралып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді жан-жақты айтып берді. Ақпарат, жастар, дін, инклюзия, азаматтық қоғам, жалпы, елге қажетті мәліметтер сөз болды.
Тұрғындар қоғамдағы түйткілді жайттарды көтерді. Диструктивті ағымдармен күрес, медиа контент, жалған ақпараттың алдын алу мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды.
Кездесуден соң министр жеке сұрақтары бар азаматтарды қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

