Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрімен кездесті

Дархан Қыдырәлі Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрімен кездесті
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 24.01.2023 20:01 867

Дархан Қыдырәлі Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Максутовпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Максутовпен кездесті.

Дархан Қыдырәлі екі елді біріктіретін, барлық салаларды қамтитын бірнеше жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты. Мәселен, қазақстандық бірнеше сериалды қырғыз телеарналары сатып алды.

Біріккен сериалдар өндірісі де қолға алынды. 2022 жылдың қазан айында Қырғыз Республикасының аумағында «Қазақстан» корпорациясының «Qazaqstan International» және «Balapan International» атты екі телеарнасы таратыла бастады. Д.Қыдырәлі бұл бағытта екі тарапқа ортақ жобалар жасауға болатынын айты. Сонымен бірге Дархан Қуандықұлы Қазақстанда жастар саясатына байланысты жұмыстарды баяндады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында жастардың дамуына үлкен көңіл бөлді. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға тұжырымдамалық түзетулер қабылданды. Осы заңның негізгі новеллаларының бірі – жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту», - деді Д.Қыдырәлі.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екі министрлік арасында меморандум жасасуды ұсынды. Өз кезегінде Алтынбек Максутов ақпарат, жастар, креативті индустрия саласында ортақ жобалар жасауға ниетті екенін айтты. (с) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға