Дархан Қыдырәлі Қайрат Сарыбаймен ортақ ақпараттық кеңістік құру туралы уағдаласты
Фото: facebook.com
Фото: facebook.com
26.01.2023 16:05
1187
Дархан Қыдырәлі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қайрат Шораұлын Азия кеңесі саммитінің жоғары деңгейде өтуімен құттықтап, Орталық Азия форумына шақыруымызды қабыл алып, белсене қатысқаны үшін ризашылығымды жеткіздім.
Саммит қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Жастар кеңесі аясында 2024 жылы Қазақстанда волонтерлік қозғалыстар көшбасшыларының слётін өткізуді тапсырғаны белгілі. Бұл ретте халықаралық волонтерлікті дамыту бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге мүдделіміз.
Кездесу барысында Азия кеңесімен ортақ ақпараттық кеңістік құру, жастар және дін саясаты бойынша бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. Осы мақсатта бірқатар ұсыныстарымызды ортаға салып, ой-пікір алмастық.
Қайрат Шораұлына Азия кеңесін трансформациялау міндетін жоғары деңгейде атқарып, табысты қызмет ете беруіне тілектестік білдірдім", деп жазды министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға