Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар бүгінгі таңда кең талқыланып жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасы жөнінде өзара пікір алмасты. Бұл заң жобасы журналистердің мәртебесін көтеруге бағытталған.
Бұған қоса, онлайн-платформалар мен интернет-жарнаманың қызметін реттеуге бағытталған жеке заң қабылдау, ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі заңға түзетулер енгізу мәселелері де сөз болды.
Жиын соңында ҚР АҚДМ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар Кеңсесі бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға өзара ниет білдірісті.
Дархан Қыдырәлі ЕҚЫҰ өкілі Фолькер Фробартпен кездесті
Оқи отырыңыз
3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады30 Наурыз, 13:17
Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?12 Наурыз, 10:11
«Бірден камераға түсіріп, айыппұл салады». 12 наурыздан бастап не өзгереді?11 Наурыз, 18:45
Түнде жұмыс істеу ағзаға қалай әсер етеді? Мамандар ескерту жасады