Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі "Айқын" және "Литер" басылымдарының ұжымымен кездесті

Дархан Қыдырәлі "Айқын" және "Литер" басылымдарының ұжымымен кездесті
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 24.06.2023 13:19 1134

БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі  Дархан Қыдырәлі Astana TV және  «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министр «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС қарасты басылымдар мен интернет-редакциялардың материалдық-техникалық базасымен танысты. Журналистермен кездесуде Дархан Қуандықұлы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіліне тиек еткен ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту мәселелері талқылады. Сондай-ақ, аталған басқосуда Мемлекет басшысының ақпараттық саясатын қайта қараудағы дәстүрлі медианың рөлі де жан-жақты қозғалды.

Түркістандағы құрылтайда Мемлекет басшысы алдымызға үлкен міндет қойды. Жауапкершілік жүктеді. Осынау саяси кезеңде еліміздің саяси қауіпсіздігі өте маңызды. Сонымен қатар жаңа медиа дамыған шақта ақпараттық саясатты оңтайлы жүргізу  де күнтәртібіне қойылды. Алдағы уақытта осы мәселені тележурналистермен, креативті индустрияда жүрген жастпрмен талқылауды жөн көріп отырмыз. Ең бірінші талқылауды мемлекеттік ақпараттық саясаттың алдыңғы шебінде жүрген «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС және Astana TV телеарнасының ұжымымен жүргізу үшін арнайы келіп отырмыз, – деді Дархан Қуандықұлы.

Кездесуге AMANAT партиясының Хатшылары Дәулет Кәрібек пен Руслан Алишев, Nur Media холдингінің бас директоры Бақтияр Мәкен де қатысты. 
Өз кезегінде, серіктестікке қарасты AIQYN газетінің бас редакторы Амангелді Құрмет, «Литер» газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева, aiqyn.kz сайтының бас редакторы Асқар Беков сөз алып, контенттің мазмұнын байыту, уақыт талабына сай шығармашылық ізденіс жайында  айтып өтті.

Мұнан соң министр Дархан Қуандықұлы  Astana TV мен «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС ұжымының елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады. Бұдан бөлек, "AIQYN" газетінің белгілі сатирик Көпен Әмірбек атындағы «АРА» сыйлығын табысталды. Биыл бұл сыйлыққа Көпен Әмірбектің талантты шәкірттерінің бірі, белгілі сатирик Мұхтар Шерім лайықты деп танылды.  

AMANAT партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек  «АРА» сыйлығын жыл сайын дәстүрлі түрде тапсыруға партия қолдау білдіретінін атады. Салтанатты рәсім барысында Көпен Әмірбектің ұлы Жұбанышқа да демеушілер атынан бағалы сыйлық берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға