Жаңалықтар

Данияр Жаналинов Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Осы қызметке дейін ол қаржы вице-министрі қызметін атқарды
Данияр Жаналинов Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: ҚР Үкіметінің ресми сайты 12.08.2022 10:53 2228

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды,– деп хабарлайды El.kz.  Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімі заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР қаржы вице-министрі болып жұмыс атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға