Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы Д.Юлдашев 84 келіге дейінгі салмақтың финалдық айқасында малайзиялық Бин Аб Маликпен кездесті. Малайзиялық каратэші жекпе-жекті ширақ бастап, есепте бірден алға шықты. Айқас соңына дейін 3:0 есебін сақтап қалып, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада ойындарының жүлдегері Софья Берульцева Азия ойындарының финалына шықты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

