Әлеуметтік желі

Данияр Елеусінов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

20.07.2025 14:16

Даняр Елеусінов пен Иван Дычко АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 KO) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сондай-ақ Иван Дычко ауыр салмақта америкалық Самуэль Кросданы (11-5-1, 7 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірді.