Дания Премьер-министрі Метте Фредериксеннің күйеуі Бо Тенгберг Украина президенті Владимир Зеленский туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ekstra Bladet басылымына сілтеме жасап.
Тенгбергтің Seabird Production продюсерлік компаниясы Дания мемлекеті тарапынан қаржыландырылады. Басылымның мәліметінше, өткен жылы компания Дания кино институтынан 190 мың крон (шамамен 25 мың еуро) көлемінде мемлекеттік грант алған.
БАҚ деректеріне қарағанда, Бо Тенгберг Зеленскиймен жеке таныстық орнатқан санаулы шетелдік продюсерлердің бірі. Ол Украина және Данияда өткен ресми кездесулерде бірнеше рет ел президентімен жүздескен.
Сонымен қатар, Тенгберг Украинаның ең жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі — «Ярослав Мудрый» орденінің иегері. Бұл орденді оған Зеленский биыл қыркүйек айында тапсырған.
Ekstra Bladet атап өткендей, Бо Тенгберг мемлекеттік қаржыландырумен саяси бағыттағы жобалар жасау арқылы да танылған. Бұған дейін ол Данияның билеуші партиясы туралы даулы деректі фильм түсірген.

