Данияда Құранды өртеуге тыйым салынады
Дания үкіметі діни кітаптарды қоғамдық орындарда өртеуге тыйым салады. Бұл туралы Әділет министрі Питер Хуммельгорд мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлер кабинеті жаңа заңды бұзған күдікті екі жылға бас бостандығынан айырылатынын айтты. Яғни, Құранды, Інжілді немесе Тораны көпшілік алдында өртеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жақында Құранның өртенуі Данияға қауіп төндірді. Бұл Данияға және ел мүддесіне, сондай-ақ шет елдерде жүрген даниялықтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру қаупі бар. Діни жазбаларды көпшілік алдында өртеуге тыйым салынуы керек,- деді министр.
Сондай-ақ заңда шет мемлекетті, оның туын немесе басқа да ұлттық таңбаларын, Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе Еуропалық Кеңестің туын көпшілік алдында қорлайтын кез келген адам екі жылға дейін айыппұл немесе түрмеге жабылады.
Айта кетейік, соңғы уақытта Дания, Швеция және Еуропаның басқа елдерінде Құранды өртеу шаралары жиілеп кетті. Олардың біріншісін Данияның оңшыл «Қатаң курс» партиясының жетекшісі Расмус Палудан өткізді. Ол Стокгольмдегі Түркия елшілігінің жанында қасиетті кітапты өртеп жіберді.