Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогында екінші орын алды
27.09.2025 18:30
Фото:
ҰОК
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев Германияның Хинтерцартен қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол ақтық сында 229,6 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.
Австрия спортшысы Юлиан Шмид (229,8) жеңіске жетсе, словениялық Рок Облак та 229,6 ұпай жинап, Васильевпен бірге екінші орынды бөлісті.

