Жаңалықтар

Дана Нұржігіт телевидениеден не үшін кеткенін айтты

Дана Нұржігіт телевидениеден не үшін кеткенін айтты
Фото: instagram.com/dana_nurzhigit 18.06.2024 17:15 23058

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты. Әріптесіміздің сөзіне қарағанда,  ол психикалық қысымға ұшыраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы мені де айналып өтпеді. Жәбірленушінің орнында болып, сот залында тұрамын дегенді кім білген?! Қиындық кімде жоқ?! Мен де мойымай, бастысы, денсаулығым мен жұмысымнан айырмасын деген едім. Алайда моральдық-психологиялық қысым алдымен денсаулығыма кері әсерін тигізді. Содан кейін телевидениеде жұмыс істей алмайтын жағдайға жеттім. Басшыға өзім барып жұмыстан кететінімді айттым. Өйткені түске дейін тергеушінің алдында, түстен кейін тікелей эфирде жұмыс істеуге жарамай қалдым, – деп жазды ол. 

Дана Нұржігіт ажырасу процесі он айға созылғанын, осы уақыт аралығында әбден жүйкесі тозғанын айтты.

Екінші некем баянсыз болып, тоғыспайтын жерден М.Ә. есімді азаматпен мәмілеге келіп, адамша екі жаққа кетудің орнына іс насырға шауып, жабық есік жағдайындағы сот процесіне жетті. Іс 10 айға созылып, тергеу процесінен өттім. Соңғы нүктесі 28 мамырда қойылды. Үкім 13 маусым күні күшіне енді. Істің мән-жайын ашпауға қолхат беріп, уәделестік. Сол үшін артық нәрсе жазбаймын. Иә, заңды түрде қорғануға мәжбүр болдым. Бір шешімге келерміз деп жүргенде, істің арты осынша уақытты алады деп ойламаппын. Жұмыс пен үйдің, баламның берекесі қашты. Қаржылық шығын, жүйкенің тозуын айтпай-ақ қояйын. Бұл оқиға мен үшін үлкен сабақ болды. Әлімнің әкесіне дейін қолдап, «Сақ бол!» деп маған қорған болуға тырысты, жарықтық, – дейді сенатор. 

Естеріңізде болса, биылғы қаңтарда Дана Нұржігіттің бірінші күйеуі, «Хабар» агенттігінің бұрынғы бас директоры 66 жастағы Владимир Рерих Берлинде қайтыс болғаны туралы жазғанбыз.

Бұл ақпаратты отандық тележүргізушінің өзі де растап, күйеуіне арнап жазба жариялады.

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді, – делінген жазбада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға