©Pixabay.com

Далап пен жасанды тырнақ демікпе қаупін арттырады – ғалымдар

АҚШ Ұлттық жүрек, өкпе және қан институтының ғалымдары әйелдердің далап, жасанды тырнақ және кейбір косметикалық құралдарды жиі қолдануы жас ұлғайған шақта демікпенің даму қаупін арттыратынын анықтады. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды, деп жазады El.kz интернет порталы.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, жасанды тырнақ, кутикулаға арналған крем, қызарғыш және ерінге арналған далапты қолданған әйелдерде демікпенің анықталу қаупі 47%-ға жоғары болды. Бұл нәтиже 40 мыңға жуық адамның деректеріне негізделген.

Сондай-ақ далапты аптасына бес рет пайдалану демікпе қаупін 18%-ға арттырады.

Зерттеушілердің пікірінше, косметикалық құралдардағы кейбір химиялық заттар иммундық жүйені әлсіретіп, ал полифторалкильді қосылыстар (PFA), парабендер, фталаттар мен фенолдар адам ағзасындағы гормондық тепе-теңдікті бұзады, бұл өз кезегінде демікпенің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Эндокриндік жүйеге әсер ететін химиялық заттар (EDC) мен жеке гигиена құралдарындағы (PCP) құрамдар демікпенің даму жолдарын қалай қоздыратынын түсіну – аурудың алдын алуда өте маңызды, – деді зерттеу және инновация директоры, дәрігер Саманта Уокер.

Оның айтуынша, әйелдер демікпемен ерлерге қарағанда жиі ауырады және оны ауыр өткереді.

Бұған дейін теріні күннен қалай қорғау керектігі туралы жазғанбыз.