Дағыстандық азамат Атырауға 50 мың дана қап алып келген
Дағыстан Республикасының тұрғыны Омарасхаб Ахмедов Атырауға су тасқынына қарсы көмектесу үшін 50 мың қап алып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дағыстанның Хасавюрт қаласының маңындағы ауылда тұратын Омарасхаб Ахмедов Атырауға тезірек жетуі үшін 24 сағат жол жүрген.
Туысқандарым әлеуметтік желіден Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тасқын судан қорғаныс бөгетін бекіту үшін қап жетіспейді деген ақпаратты оқыпты. Олар бұл ақпаратты маған жеткізді. Содан соң бауырлас елге көмек беру үшін таныстарымнан қап іздей бастадым. Досымның зат сақтайтын қоймасы бар еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында сол қоймадан жүк таситын ГАЗель көлігіме 50 мың қапты тиеп, жолға шықтым. Атырауға тезірек жету үшін түнімен жолда жүрдім, - дейді Омарасхаб Ахмедов.
Ол туысқан халыққа қиын сәтте қолдау көрсеткісі келгенін айтты.
Тұратын еліміз бөлек болғанымен, қиындық кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Мақсатым - туысқан халықтың осындай қиындықтан аман қалуына үлесімді қосу, - дейді Омарасхаб Ахмедов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram