Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн деп жарияланды
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
24.06.2024 09:16
609
Дағыстан басшысы Сергей Меликов 24, 25 және 26 маусым күні елде қаралы күн жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24, 25 және 26 маусым Дағыстанда қаралы күн деп жарияланды. Сергей Меликов тиісті қаулыға қол қойды. Қаралы күндері республика аумағында мемлекеттік ту төмен түсіріледі, – делінген Дағыстан басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұл күндері Дағыстан аумағындағы барлық мәдениет мекеме мен телерадиокомпаниялар көңіл көтеру, сауықтыру іс-шаралары мен бағдарламаларын тоқтатады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет инфрақұрылымдық жобаларға 2,6 трлн теңге бөледі
Келесі жаңалық
Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты