Жаңалықтар

Дабыл сиренасы уақытылы іске қосылды – Олжас Бектенов

Дабыл сиренасы уақытылы іске қосылды – Олжас Бектенов
Фото: t.me/KZgovernment 05.03.2024 10:41 1170

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісі кезінде Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдік және басқа да мемлекеттік органдар шұғыл әрекет ете білгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақтылы іске қосылды. Қала халқы қабылдау пункттеріне эвакуацияланды. Бағымызға қарай, айтарлықтай зардаптар болған жоқ. Қазір болған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасып жатыр, - деді үкімет басшысы.

Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті.

Күштер мен құралдар сақадай сай болуы тиіс. Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қаупіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдаңыздар, - деді премьер-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға