Дәурен Елеусінов армениялық боксшымен қолғап түйістіреді
22.09.2022 20:13
Фото:
prosports.kz
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов Алматыда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
36 жастағы отандасымыз 2 қазан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шаршы алаңға шығады.
BoxRec.com порталының мәліметінше, Дәуреннің қарсыласы 39 жастағы армениялық Арам Варданян (2-2, 2 КО) болады. Супер орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Бұл қазақстандықтық боксшының 2022 жылғы екінші жекпе-жегі болмақ.
Айта кетейік, Дәурен кейінгі жекпе-жегін 30 шілдеде Нью-Йоркте өткізді, онда америкалық Джуниор Юнаннан (17-0-1, 11 КО) жеңіліп қалды.
Алматыдағы бокс кешін Boxing Stars Management промоушені ұйымдастырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

