Суды қайнату – адамзат ойлап тапқан ең тиімді тазарту әдістерінің бірі. Негізгі мақсаты – судың құрамындағы зиянды микробтар мен бактерияларды жою, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шынында да, жоғары температура әсерінен көптеген зиянды микроағзалар жойылады. Алайда, су қайнау температурасынан (100°C) асқанда химиялық құрамы да өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістерді білу – денсаулығымыз үшін маңызды.
Қайнату кезінде судың құрамында не өзгереді?
Суды алғаш рет қайнатқанда:
- Су молекулалары буға айналып, оттегі жойылады;
- Судың құрамындағы еріген тұздар мен қоспалар (әсіресе кальций, магний, ауыр металл тұздары) қайнату кезінде жойылмайды, керісінше олардың концентрациясы артады;
- Су молекуласында болатын ауыр сутегі изотоптары (дейтерий, тритий) жоғары температураға төзімді, олар тұнба ретінде жиналып, судың "ауырлауына" әкеледі.
Бір суды екі рет қайнатуға бола ма?
Көпшілік қойған бұл сұрақтың жауабы – жоқ, қайталап қайнатудың қажеті жоқ. Себебі:
- Алғашқы қайнату кезінде бактериялар толықтай жойылады, сондықтан қайта өңдеудің қажеттілігі болмайды;
- Екінші және одан кейінгі қайнатуларда су дәмсіз, “тірі энергиясынан” айрылған күйге енеді. Сол себепті мұндай суды кейде "өлі су" деп атайды;
- Қайта-қайта қайнатқанда оттегі толықтай жойылады, бұл H₂O молекуласының табиғи құрылымына кері әсер етеді;
- Қайнаған сайын судың көлемі азайып, ал зиянды тұздардың, ауыр металдардың концентрациясы көбейеді. Бұл бүйрек пен бауыр сияқты ағзаларға кері әсер етеді.
Хлор мен канцерогендердің қауіпі
Көп жағдайда біз хлорланған суды пайдаланамыз. Ал 100°C температурада хлор органикалық заттармен реакцияға түсіп, канцерогенді қосылыстарды түзе бастайды. Қайта-қайта қайнату кезінде олардың мөлшері артып, бұл заттар түрлі ауруларға, соның ішінде онкологиялық ауруларға себеп болуы мүмкін.
Қайнаған суды дұрыс пайдалану жолдары
- Әрдайым жаңа су құйып қайнатыңыз. Ескі суды қайта қайнатуға болмайды;
- Суды алдын ала тұндырып алыңыз. Бұл судың ауыр металдардан және хлордан ішінара тазаруына көмектеседі;
- Сүзгіден өткен суды қолдану – ең тиімді әдістердің бірі;
- Электр шәйнектерде суды қайта-қайта қайнатудан сақ болыңыз. Бұл әсіресе офисте жиі кездесетін жағдай.

