Cу басқан шаруа қожалықтарынан өтемақы алуға өтінім қабылдау басталды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
13.06.2024 15:12
Фото:
Видеодан кадр
Атырау облысы Махамбет ауданында тасқын су кезінде 100-ге жуық шаруа қожалықтары зардап шекті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта қожалықтардан өтінім қабылдануда. Арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Заңдылыққа сәйкес, суда қалған қожалықтар әбден құрғатылғаннан кейін тиісті зерделеу, бағалау жұмыстары жалғасатын болады. Тасқын күтілген уақытта барлық қожалықтарға ескерту берілген болатын, - деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Айта кету керек, тасқын кезінде Махамбет ауданында елдімекендерді су басқан жоқ. Тасқыннан қорғану мақсатында 100 шақырымнан астам қорғаныс бөгеті салынды. Махамбет ауданында Жайық өзенін жағалай орналасқан 17 елдімекен бар. Махамбет ауданындағы су деңгейі 9 метр 77 см құрады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

