Жаңалықтар

Қожакеев Темірбек (1926-2003)

Темірбек Қожакеев 1926 жылы 17 желтоқсанда Жамбыл облысы Mepкi ауданы Ойтал ауылында туған. 1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1947-1948 жылдары Мерке аудандық комсомол комитетінің бөлім  мeңгepyшici қызметін атқарады. 1953-1972 жылдары Қазақ мемлекеттік универси­теті журналистика факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы және доценті болып қызмет етеді. Одан соң ұзақ жылдар бойына (1972-1986 жылдар аралығында) аталған жоғары оқу орнының журна­листика факультетінің деканы болды. Филология ғылымдарының докторы (1970 жыл), профессор (1972 жыл). Қазақстан Республикасының еңбек ciңірген мәдениет қызметкері (1996 жыл). Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының құрметті академигі (1996 жыл).
30.01.2013 10:07 6069

Темірбек Қожакеев 1926 жылы 17 желтоқсанда Жамбыл облысы Mepкi ауданы Ойтал ауылында туған.

1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

1947-1948 жылдары Мерке аудандық комсомол комитетінің бөлім  мeңгepyшici қызметін атқарады. 1953-1972 жылдары Қазақ мемлекеттік универси­теті журналистика факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы және доценті болып қызмет етеді. Одан соң ұзақ жылдар бойына (1972-1986 жылдар аралығында) аталған жоғары оқу орнының журна­листика факультетінің деканы болды. Филология ғылымдарының докторы (1970 жыл), профессор (1972 жыл). Қазақстан Республикасының еңбек ciңірген мәдениет қызметкері (1996 жыл). Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының құрметті академигі (1996 жыл).

Темірбек Қожакеев «Құрмет Белгісі» орденімен, алты медальмен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Жамбыл облысы Мерке ауданының құрметті азаматы (2002 жыл).

Қазақ сатирасының тарихы мен оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктері, қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихы, теориясы жөніндегі мыңға тарта мақа­ла мен көркем-публицистикалық очерктердің, фельетондардың, көптеген монографиялар мен оқулық кітаптарының авторы. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекеттік қайраткерлер мен жазушылар, журналистер мұраларына арналған еңбектері жарық көрді.

Шығармалары мен әдеби зерттеу еңбектері:

- «Фельетон мәселелері» (1962 жыл);
- «Қазақтың халық сатирасы» (1962 жыл);
- «Қазақ совет баспасөзі тарихынан» (Б.Кенжебаевпен бipге, 1962 жыл);
- «Қазақтың халық сатирасы» (1968 жыл);
- «Қазақ мысалдары» (1969 жыл);
- «Абай және Сұлтанмахмұт» (1969 жыл);
- «Қазақ сатирасы» (1970 жыл);
- «Абай – сатирик» (1970 жыл);
- «Сатира – күштілер қаруы»;
- «Адам. Қоғам. Сатира» (1980 жыл);
- «Жыл құстары» (1991 жыл);
- «Көк сеңгірлер» (1992 жыл);
- «Сара сөздің сардарлары» (1995 жыл);
- «Шалқу сөздер мен шаншу сөздер» (2002 жыл);
- Таңдамалы шығармалар. 1-том. Тарихи танымдар, тұлғалар. – Алматы: 2007 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. 2-том. Сатира, юмор және қазақ сатирасының тарихы. – Алматы: 2007 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. 3-том. Сатира тарихы, сатира жанрлары. – Алматы: 2007 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. 4-том. Қазақ сықақшылары, сатира проблемалары. – Алматы: 2007 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. 5-том. Әдебиет әлемі. – Алматы: 2007 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. 6-том. Қазақ баспасөзінің тарихы. – Алматы: 2007 жыл;
- Таңдамалы шығармалар. 7-том. Жас тілшілерге көмек. – Алматы, 2007 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға