Жаңалықтар

Сатыбалдиев Әбен (1914-1974)

1914 жылы 31 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында туған. Жазушы, ғалым, аудармашы. 1934 жылға дейін Шымкенттегі облыс­тық «Заготзерно» кеңсесінде инспектор болып қызмет атқарған. 1937 жылы Алматыдағы Мемлекеттік Банктің экономика-есеп техникумын бітірген соң, 1939 жылға дейін Мемлекеттік Банктың Шымкент облыстық кеңсесінде эконо­мист болып қызмет атқарған. 1939 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясына қызметке ауысқан. Әуелі әдеби қызметкер, сонан соң түрлі бөлімдерде менгеруші болып қызмет етеді. 1945-1955 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі, одан кейін аударма бөлімін, әдебиет және өнер бөлімін басқарған. ҚазМУ-дің филология факультетін сырттай оқып бiтipгeн (1955 жыл).
30.01.2013 09:44 4040

1914 жылы 31 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында туған. Жазушы, ғалым, аудармашы.

1934 жылға дейін Шымкенттегі облыс­тық «Заготзерно» кеңсесінде инспектор болып қызмет атқарған.

1937 жылы Алматыдағы Мемлекеттік Банктің экономика-есеп техникумын бітірген соң, 1939 жылға дейін Мемлекеттік Банктың Шымкент облыстық кеңсесінде эконо­мист болып қызмет атқарған.

1939 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясына қызметке ауысқан. Әуелі әдеби қызметкер, сонан соң түрлі бөлімдерде менгеруші болып қызмет етеді.

1945-1955 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі, одан кейін аударма бөлімін, әдебиет және өнер бөлімін басқарған. ҚазМУ-дің филология факультетін сырттай оқып бiтipгeн (1955 жыл).

1956-1960 жылдар аралығында республикалық баспасөз органдарында түрлі басшылық қызметтерде болған. Сатиралық «Ара» («Шмель») журналының жауапты хатшысы қызметін атқарды. «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің  жауапты редакторы болып қызмет еткен.

1961-1968 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы Тіл білімі институтында әуелі кіші ғылыми қызметкер, кейіннен (1964 жылдан бастап) аға ғылыми қыз­меткер лауазымын атқарған.

1964 жылы «Қазақ әдебиетіндегі аударма мәдениетінің дамуы» деген тақырыпта кандидаттық диссерта­ция қорғаған.

1968 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қазақ совет энциклопедиясы Бас редакторының  6ipiнiшi орынбасары болып қызмет атқарды, энциклопедия негізін қалауға белсене қатысты.

КСРО Жазушылар одағының Бүкілодақтық аударма секциясының мүшесі, ҚСЭ Бас редакциясы жанындағы терминологиялық комиссиясының төрағасы болды.

Ә.Сатыбалдиевтың жазушылық жолы 1939 жылы басталды. Оның әңгімелері мен очерктер жинағы («Ақмарал», 1960) моральдық-этикалық мәселелерге арналған.

Ә.Сатыбалдиев орыс, өзбек әдебиетінің бірқатар таңдаулы үлгілерін қазақ тіліне аударып, бұл салада өнімді де жемісті еңбек етті, аударманың ұлттық ерекшеліктерін, шығармашылық сипатын зерттеп, ғылыми-теориялық сырын ашуға елеулі үлес қосты.

Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Е. Мальцевтің «Шын жүректен», Ф.Глатковтың «Балалық шақ», И.Гончаровтың «Жар» повестерін, А.Қаһардың «Қыштақ», Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» романдарын, тағы басқа да шығармаларды түпнұсқадан қазақ тіліне аударды.

                              Шығармалары:

- Ақмарал. Повестер мен әңгімелер. Алматы, ҚМКЭБ, I960 жыл;
- Рухани қазына. Аударма проблемалары жайында. Алматы, «Жазушы», 1965 жыл;
- Беласқан. Роман, әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1979 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға