Жаңалықтар

Смаханұлы Шона (1924-1988)

1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Ойық» ауылында дүниеге келген. Ақын, сықақшы. Ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. 1942-1943 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін бipaз жыл бойына (1943-1957 жылдары) ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірген. 1957-1957 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттерінде, 1964-1968 жылдары сатиралық «Ара» журналында қызмет еткен. 1973-1983 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция мeңrepyшici болған.
30.01.2013 09:40 42784

1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Ойық» ауылында дүниеге келген. Ақын, сықақшы.

Ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді.

1942-1943 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін бipaз жыл бойына (1943-1957 жылдары) ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған.

1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірген.

1957-1957 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттерінде, 1964-1968 жылдары сатиралық «Ара» журналында қызмет еткен. 1973-1983 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция мeңrepyшici болған.

Шона Смаханұлы әдеби творчествомен 1950 жылдан шұғылдана бастады. «Тотияйын» атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.

Ақын-сатирик «Айға ұшамын» кітабына (1971) енген «Нағашы» атты балладасында балалық-жастық кезеңін, «Сүрінсең де жығылма» хикаятында  алапат аштық көріністерін өз өмірімен, тағдыр-талабымен байланыстырады.

Ш.Смаханұлы кеңестік жүйе тұсында-ақ «Ана тілім – ардағым менің» деген ән-өлеңмен ұлттық тілдің қадір-қасиетін терең танып, қалың көптің көңіл-жүрегіне берік ұялатса, «Қос тіл білсе, кәнеки» мақаласында («Қазақ әдебиеті», 1989 жыл 10 ақпан) ана  тілін ардақтап, сол арқылы ойлап-сөйлеп, ұлтқа адал қызмет етудің қыр-сырын кеңінен ашып көрсетеді.

Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген.

Мысал-сықақтары 1963 жылдан бepі жарияланып  келеді.

Шона Смаханұлы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған. Оның есімі Алматы қаласындағы мектепке берілген.

                    Шығармалары:

- Тотияйын. Алматы, «Жазушы», 1959 жыл;
- Шимайбек пен Шыңқ  етпе. Алматы, «Жазушы», 1960 жыл;
- Қу тулкінің  сыбағасы. Алматы, «Жазушы», 1961 жыл;
- Ортеке (орыс тілінде). Алматы, «Жазу­шы», 1962 жыл;
- Kөpiп жүр ғой көздерің, үкімін  айт өздерің. Алматы, «Жазушы», 1966 жыл;
- Ұры тic. Алматы, «Жазушы», 1966 жыл;
- Купорос (орыс тілінде). Мәскер, «Советский писатель», 1968 жыл;
- Алтын жұмыртқа. Сықақ әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1970 жыл;
- Айға ұшамын. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1971 жыл;
- Жүз шымшыма, Қырық қышыма. Алматы, «Жазушы», 1973 жыл;
- Қоңыраулы  шеңгел. Таңдамалы. Алматы, «Жазушы», 1974 жыл;
- Кездік. Алматы, «Жазушы», 1976 жыл;
- Сандықтан шыққан сайтан. Сықақ әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1977 жыл;
- Паутина (орыс тілінде). Алматы, «Жазушы», 1979 жыл;
- Қыз сыры. Повесть. Алматы, «Жазушы», 1979 жыл;
- Жымияды жеңешем. Алматы, «Жазушы», 1981 жыл;
- Жасырайық  несіне. Алматы, «Жазушы», 1984 жыл;
- Өткірдің  жүзі. Бip томдық. Алматы, «Жазушы», 1985 жыл;
- Елпекбайдың телпегі. 1987 жыл;
- Ән-өлеңдер. 1989 жыл;
- Кел, балалар, күлейік. 1989 жыл;
- Шымшыма. 1992 жыл;
- Әнші әтеш. 2005 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға