Жаңалықтар

Шаханұлы Берік

1941 жылы 5 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жайылма ауылында туған. 1959 жылы орта  мектепті бітірген соң, екі жыл шопан болып жұмыс істеген. ҚазМУ-дің фило­логия факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1966-1970 жылдар аралығында Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, 1970-1973 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, 1973-1989 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, 1989-1991 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болып қызмет атқарған. 1991-1995 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағында аға референт болып қызмет атқарды. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының мүшeci болып сайланды. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары.
30.01.2013 09:31 4618

Берік Шаханұлының алғашқы әңгімелері «Ақ теке» 1962 жылы «Балдырған» журналында, «Менің ағаларым» 1963 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланған.

Жазушының шығармалары қазақтың психологиясын ашатын, ұлттық наным-сенімді кеңінен дәйектейтін повесть, әңгімелерге құрылған.

1991 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Құса» атты повeci мен әңгімелер жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болған (1992). Әзербайжан жазушысы Анардың «Ақ жағалау» атты повeci мен әңгімелер жинағын, Владимир Сангидің «Қайырлы маусым» романы мен бip топ әңгімелерін қазақ тіліне аударып, бастырған.

2011 жылы жеке таңдаулы шығармалар жиынтығы 2 томдық кітап болып жарыққа шықты.

Б.Шаханұлының есімі Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының және Министрлер Советінің 1981 жылғы 26 мамырдағы қаулысы бойынша бесжылдықтың тапсырмаларын орындаудағы аса көрнекті табыстары үшін Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Алтын Құрмет кітабына жазылған.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды (2003).

Сарысу ауданы Жайылма ауылының кұрметі азаматы (1992).

                                  Шығармалары:

- Ғашықтың тілі. Әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1973 жыл;
- Ақ иірім. Әңгімелер мен повесть. Алматы, «Жалын», 1979 жыл;
- Қаратаудың самалы. Повестер мен әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1984 жыл;
- Ночь в горах. Повестер мен әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1987 жыл;
- Құса. Повестер мен әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1991 жыл;
- Көрген түстей дүние. Әңгімелер. Алматы, «Жалын», 1998 жыл;
- Поезда кездескен қыз. Әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 2005;
- Қоңыр жон. Повестер мен әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 2006.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға