Жаңалықтар

КЕЛІМБЕТОВ НЕМАТ

1937 жылы 4 сәуірде Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жаңажол қаласында туған. 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының (қазіргі Сарыағаш ауданы) Абай селосындағы қазақ орта мектебін бітірген. Ташкент қаржы-экономика инстнтутын (1959), әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (сырттай оқу бөлімін) журналистика мамандығы бойынша тамамдаған (1966). 1959 —1960 жж. Қостанай облысының мемлекеттік банк ісінде экономист-инспектор, 1960 — 1962 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер.
16.01.2013 11:03 5180

1937 жылы 4 сәуірде Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жаңажол қаласында туған. 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының (қазіргі Сарыағаш ауданы) Абай селосындағы қазақ орта мектебін бітірген. Ташкент қаржы-экономика инстнтутын (1959), әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (сырттай оқу бөлімін) журналистика мамандығы бойынша тамамдаған (1966). 1959 —1960 жж. Қостанай облысының мемлекеттік банк ісінде экономист-инспектор, 1960 — 1962 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер. 1962- 1965жж. – Қазақ ССР Ғылым академиясының экономика институтында кіші -ғылыми қызметкер, 1965—1970 жылдары

«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, 1970— 1973 жж.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінде референт, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындагы Әдебиет, өнер және сәулетшілік салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссиясының жауапты хатшысы болып қызмет істеген. Кейін «Қазақстан» баспасында редактор (1976—1981), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981 — 1997ж.), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997 — 2002).

«Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991, 2005), «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998), «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998), «Көркемдік дәстүр жалғастығы» (2000), «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» (2005), т.б. зерттеу еңбектері жарық көрген. Түркі халықтары әдебиетін, Шығыс классик поэзиясын және қазақ әдебиетінің ежелгі жәдігерліктерін қарастырған жүзден астам ғылыми зерттеу мақалаларында қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы, типологиялық, үндестік көріністері талданған. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арнап жазылған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

«Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады (2001).

Көркем әдебиет саласындағы туындылары: «Үміт үзгім келмейді» (1981), «Жарлы емеспін, зарлымын» (2001) деген хикаяттары және «Ұлыма хат» (2005), «Қариялар» (2007) атты эсселері жарық көрген. Сондай-ақ біраз жылдар бойы көркем аударма жасаумен де айналысты. Армян жазушысы Леонид Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент» хикаятын (1971), украин қаламгері Василь Козаченконың «Найзағай», «Ажалханада салынған суреттер» хикаяттарын (1979), өзбек қаламгерлері Саид Ахмад- тың «Көкжиек» романын (1981), Пірімқұл Қадыровтың «Жұлдызды түндер» романын (1986) қазақтіліне тәржіма жасады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың иегері (2005), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001), Украинаның «Почесна відзиака» («Құрмет белгісі») медалімен марапатталған (2008).

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға