Жаңалықтар

Рахимов Ошат

Рахимов Ошат 1939 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік қазақ ұлттық академиялық драма театрының жанынан алғаш ашылған 2 жылдық театр студиясына түседі. Театр сутдиясын тәмәмдаған соң Ошат Рахимов 1960-1962 жылдары  М.Әуезов атындағы Мемлекеттік  қазақ ұлттық академиялық драма театрында қызмет істейді. Қазақтың қарашаңырақ театры, ондағы аттары аңызға айналған сахна майталмандары сол кездегі сахна табалдырығын енді ғана аттаған жас дарын өнер иесі Ошат Рахимовқа – бірімен сахналық жұптас болғандығы, енді бірінің актерлік шеберлігін өз бойына сіңіруіне, кәсіби деңгейін арттыруға үлкен септігін тигізді.
11.12.2012 10:32 6790

Рахимов Ошат 1939 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік қазақ ұлттық академиялық драма театрының жанынан алғаш ашылған 2 жылдық театр студиясына түседі. Театр сутдиясын тәмәмдаған соң Ошат Рахимов 1960-1962 жылдары  М.Әуезов атындағы Мемлекеттік  қазақ ұлттық академиялық драма театрында қызмет істейді. Қазақтың қарашаңырақ театры, ондағы аттары аңызға айналған сахна майталмандары сол кездегі сахна табалдырығын енді ғана аттаған жас дарын өнер иесі Ошат Рахимовқа – бірімен сахналық жұптас болғандығы, енді бірінің актерлік шеберлігін өз бойына сіңіруіне, кәсіби деңгейін арттыруға үлкен септігін тигізді. Өмір мен өнер жолында тарықпас азық берген тап сол өнер ұжымында Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов, С,Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Ш.Айманов, Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, С.Майқанова, Ы.Ноғайбаев, Н.Жантурин т.б сахна саңлақтары сол жылдары қызмет еткен болатын. Тіпті 1958 жылы Москвада өткен қазақ өнері мен мәдениетінің он күндігіне бірге аталмыш сахна дүлділдерімен Ошат Рахимов оқып жүргеннің өзінде қатынасқан болатын.

         Өз туған жерінің халқына қызмет етуге Ошат Рахимов 1962 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрына орналасады. 47 жылдан бері үзіліссіз талмай еңбек етіп келеді.

Еңселеген ердің жасындай жыл қызмет етіп келе жатқан өнер жолында Ошат Рахимов екі жүзге жуық ролдер сомдаған. Олар: Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» - Қозы, «Қыз Жібегінде» - Бекежан, «Ақан сері – Аққтоқтысында» - Ақан, Хазірет, М.Әуезовтың «Абайындағы» - Оразбай, Жиренше, Әбдірахман, «Еңлік – Кебегінде» - Көбей би, «Айман – Шолпанда» - Жарас, Балпық,  «Қарагөзде» - Нарша, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» - Бүркіт, «Шохан Уалихановта» - Жақып, В.Шекспирдің «Асауға тұсауында» - Люченцию, «Ромео мен Джульеттада» - Капулетти, «Юлий Цезарда» - Брут, Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатта» - Фердинанд, Қ.Мұхамеджановтың «Біз періште емеспізде» - Сәкен, «Жат елдесінде» -  Асан, Жұман, Х.Бекхожиннің «Ұлан асуында» - Барақ т.б әр түрлі мінездегі бейнелер.

Ошат Рахимовтың еткен еңбегі елеусіз қалған емес. Әр нәтижелі бейнеттің жемісі, марапаты кезең-кезеңінде жоғары жақтан елеп, ескеріп, актер шабытының шырқауына қанат бітіріп келеді. Айталық, 1980 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Совет Құрмет грамотасымен, Республикалық, Халықаралық театрлар фестивальдерінің лауреаты, «Еңбек», КСРО мәдениет министрі мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің медальімен, 1988 жылы Өзбекстан мәдениет министрі мен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, 1991 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртісі», Сайрам ауданының «Құрметті азаматы», 2003 жылдың «Ең үздік актері», 2009 жылдың «Золотой лидер», «Театр өнерінің үздігі», «Сахна шебері» т.с.с облыстық, республикалық грамоталар, алғыс хаттар, дипломдар осының айғағы.

Осыдан 50 жыл бұрын имене өнер жолын аттаған Ошат Рахимов бүгінде сахна майталманы, шеберлігі шыныққан, актерлік деңгейі шың басына шыққан шақта. Өнерін тек театр актерімен ғана шектемеген Ошат Рахимовтың сазгерлігі тағы бар. Ол 20 шақты әннің авторы. Олар: «Әпкелер», «Күлім көз қарындас-ай», «Соға кет», «Жан жарым», «Фрунзе кеші», «Немереме», т.б. әуені үйлескен шын толғаныс сезімінен туған әндер.

Ошат Рахимов жайлы көптеген БАҚ беттерінде  актер еңбегі, жеткен жетістіктері жайлы шығармашылық мақалалар үздіксіз жарияланып келеді.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға