Жаңалықтар

Ақсақал Қалмырзаев

Ақсақал Қалмырзаев - (2.7.1936 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылы) - актер, Қазақстанның халық артисі (1993). Ташкент театр-көрқемсурет институтын бітірген (1957). Осы жылы Шымкент облыстық драма театрының труппасына қабылданады. Ол ұлттық және шет ел, орыс драматургтерінің шығармаларында ойнады. Қалмырзаев: Төлеген, Жалмұқан (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" мен "Ақан сері - Ақтоқты"), Сырым, Кебек, Абыз, Әлібек (М.Әуезовтің "Қарагөз", "Еңлік - Кебегі" мен "Айман - Шолпанында"), Сәкен Сейфуллин, Текеш (Ә.Әбішовтің "Сәлем, Сәкен атасы" мен "Мәдиінде"), Абылай (Қ.Бекхожиннің "Ұлан асуында"), Данияр (Ш.Айтматовтың "Аңсағай менің әнімсіңінде ), Фердинанд (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатында") тұлғаларын сомдады.
11.12.2012 10:03 3692

Ақсақал Қалмырзаев - (2.7.1936 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылы) - актер, Қазақстанның халық артисі (1993). Ташкент театр-көрқемсурет институтын бітірген (1957). Осы жылы Шымкент облыстық драма театрының труппасына қабылданады. Ол ұлттық және шет ел, орыс драматургтерінің шығармаларында ойнады. Қалмырзаев: Төлеген, Жалмұқан (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" мен "Ақан сері - Ақтоқты"), Сырым, Кебек, Абыз, Әлібек (М.Әуезовтің "Қарагөз", "Еңлік - Кебегі" мен "Айман - Шолпанында"), Сәкен Сейфуллин, Текеш (Ә.Әбішовтің "Сәлем, Сәкен атасы" мен "Мәдиінде"), Абылай (Қ.Бекхожиннің "Ұлан асуында"), Данияр (Ш.Айтматовтың "Аңсағай менің әнімсіңінде ), Фердинанд (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатында") тұлғаларын сомдады. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1980), "Парасат" орденімен (2003) марапатталған.

Қалмырзаев Ақсақал Ташкенттегі Островский атындағы театр институтын 1957 жылы бітіріп, сол жылы Жұмат Шанин атындағы қазақ сазды драма театрына актер болып жұмысқа орналасты, алғаш еңбек жолын бастаған өнер ордасында 48 жылдан бері еңбек етіп келеді.

   Ақсақал Қалмырзаев 200- ден астам рольдерді сомдап, көрермендердің  көнілінен шығып келе жатқан әрі актер, әрі әртіс. Атап айтқанда: Қ.Бекқожиннің «Ұлан Асуында» - Абылайханды, Ш.Айтматовтың «Жәмилясында» - Даниярды, М.Әуезовтың «Қаракөзінде» - Сырымды, «Айман-Шолпанында» - Арыстанды, «Қара Қыпшақ Қобланды» - Алшағырды ойнады.

М.Әуезов шығармалары бойынша қойылымдардағы рольдері үшін 1975 жылы Қазақ ССр-нің еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.

Абыз, Кебек, Қаракемде «Еңлік Кебек» М.Әуезов, ер Тарғын «Ер Тарғын» С.Камалов, Қ.Жандарбеков, Төлеген «Қыз Жібек» Ғ.Мүсірепов қойылымдарындағы рольдерді жақсы орындағаны үшін 1980 жылы Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ғ.Мүсіреповтың «Амангелдісінде» - Логиновты, «Ақан сері- Ақтоқтыда» - Жалмұқан, Мылқаубалуан, В.Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарді, М.Шолоховтың «Көтерілген тыңында» Островновты, Б.Майлиннің «Шұғыла» спектаклінде Әбішті, Р.Гамзатовтың «Тау қызында» Юсупты, Б.Аманшиннің «Жақиясында» Жақияны, М.Әуезовтың «Абайында» Оразбайды т.б. классиктер мен еліміздің белгілі драматургтерінің қойылған қойылымдарынан басты рольдерді ойнағаны үшін 1993 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі құрметті атағына ие болды.

А.Қалмырзаев Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің бірнеше рет Құрмет грамоталары мен облыстық, қалалық әкімшіліктердің, облыстық қалалық мәдениет басқармаларының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

А.Қалмырзаев үзіліссіз 48 жыл Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театрында еңбек етіп келеді, осы жылдар ішінде, шәкірт тәрбиелеу мен жастарға өнеге берудегі еңбегі айрықша.

А.Қалмырзаевтың театр сахнасындағы көп жылғы еңбегі ескеріп 2003 жылы ҚР Үкіметінің «Парасат» орденімен марапатталды.

Ақсақал Қалмырзаев қала, облыс көлемінде өтіп жатқан іс-шараларға белсене атсалысып келеді және Шымкент қалалық ономастикалық комиссиясының мүшесі ретінде қаладағы көп көшелердің атауының өзгеруіне әсер етті.

А.Қалмырзаев бүгінде үлкен отбасының отағасы. Ұлын-ұяға, қызын-қияға қондырып отырған өнер иесінің бұл күндері нағыз кемел шағына жеткен кезі.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға