Жаңалықтар

Кальян шегем деп шөптей солып қалма!

Елордасында Бүкіләлемдік темекіден бас тарту күніне орай «Кальян туралы шындық» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтың айтуынша, елімізде жастар арасында кальянға қызығушылық үлкен. Сондықтан, отандық мамандар осы түйінді мәселені халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып талқылағанды жөн көрген. «Халықаралық мәліметтерге сүйенсек, оны шегушілердің арасында жоғары токсикалық зардаптардың әсерінен түрлі дерттерге оңай бой алдыру жайы жиі байқалады: өкпе рагы 2 есе, жүрек қан тамырлары аурулары 2,2 есе, тыныс алу жолдары аурулары 2,3 есе, альвеолит 3,7 есе, ерлердің белсіздігі 2,5 есе және остеопороз бен ауыз қуыс патологиясы 3,5 есе жиі кездеседі»,– деді Ерік Байжүнісов. Кальян- жазылмайтын түрлі патологиялар мен инфекцияға шалдықтыратын токсиндердің, улардың, канцерогендер мен бактериялардың қосынды «гламуры». BAQ.kz
06.02.2013 12:00 4067

Елордасында Бүкіләлемдік темекіден бас тарту күніне орай «Кальян туралы шындық» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтың айтуынша, елімізде жастар арасында кальянға қызығушылық үлкен. Сондықтан, отандық мамандар осы түйінді мәселені халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып талқылағанды жөн көрген. «Халықаралық мәліметтерге сүйенсек, оны шегушілердің арасында жоғары токсикалық зардаптардың әсерінен түрлі дерттерге оңай бой алдыру жайы жиі байқалады: өкпе рагы 2 есе, жүрек қан тамырлары аурулары 2,2 есе, тыныс алу жолдары аурулары 2,3 есе, альвеолит 3,7 есе, ерлердің белсіздігі 2,5 есе және остеопороз бен ауыз қуыс патологиясы 3,5 есе жиі кездеседі»,– деді Ерік Байжүнісов.
Кальян- жазылмайтын түрлі патологиялар мен инфекцияға шалдықтыратын токсиндердің, улардың, канцерогендер мен бактериялардың қосынды «гламуры».

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға