Үндістанда халықаралық өнер көрмеcі өтті
Үндістанның Нью-Дели қаласында халықаралық өнер көрмесі өтті. Көрермендердің назарына танымал шеберлердің ең үздік өнер туындылары ұсынылды.
Іс-шарада 24 ел мен 40-тан астам галерея өз еңбектерін көрсетіп, қатысты. Германиядан әкелінген XX ғасырда салынған Сальвадор Дали, Пабло Пикассо мен Марк Шагаланың суреттері, келген қонақтар мен өнерсүйгіштерді таң қалдырды. Айта кетейік, бұндай ауқымды мәдени іс-шара осымен бесінші рет өткелі отыр. Мамандардың айтуынша, 2008 жылдан бері өткізіліп отыратын бұл көрмеге 260 мыңнан астам адам келген екен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

