«Күтпеген дуэт» — Алтынай мен Айгүлдің шығармашылық кеші өтті
“Тойдың болғанынан боладысы қызық”. Бір қызығы Айгүл мен Алтынай дуэт болып та ән шырқады бұл кеште. Ал көрермендер бұл қадам тосын жаңалық болғанын жасырмай жүр.
Роза Бауыржан, көрермен: “Бір жағы қызық екен. Бірақ бұл арулардың өнерімен де салт-дәстүрді аттамайтындығымен де көзге түсті бүгін. Бәрбір менің ойымша бұл жай ғана сахнадағы әртістік қабілеттілік. Қаншама жасырғанымен халық бәрін көріп тұр. Олардың көз-жанарынан-ақ бір-біріне деген талай сырды ұғуға болады”.
Рахманберді Сабырәлиев, көрермен: “Концерт керемет өтіп жатыр. Мынау Айгүл мен Алтынай қызымызға риза болып отырмыз. Қазақтың намысын қолдан жібермейтін арулар екенін дәлелдеді бүгін. Қазақтың өнері арқылы жұртшылққа адамгершілік қасиетті де ұқтырды”.
Ия, өнерсүйерқауым осындай пікірде. Бір қызығы өнер жұлдыздарынан сұхбат алу барысында кейбір қақтығыстарына куә болдық. Өнер иелері сахна төрінде бас-аяғы 23 ән орындады. Оның ішінде дуэт болып орындаған әндері де көп. Бір қызығы бір ауысымда өтеді деген кеш көпшіліктің сұранысымен 2-ші ауысымға жалғасты. Ал енді қос әнші алдағы күндері елдің барлық аймақтарын аралап, жұртты таң қалдырмақ


