Театр тарихы
2002 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театр ғимаратына 100 жыл толды.
1902 жылдың 26 қазанында Халық үйі ғимаратының алғашқы ашылуы болды. Халық үйі Өскемен қаласынының мәдени орталығына айналды.
1946 жылы Өскемен қаласының орындаушы басқармасының шешімімен ұлы қазақ ақыны Жамбылдың туғанына 100 жылдығына арналып, театрға ақынның есімі берілді.
2000 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында қазақ труппасы ашылды. Труппа ең алғашқы маусымын Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» спектаклімен ашты. Қазіргі таңда театрда екі труппа қызмет етуде. Жыл сайын 8-12 премьералар көрермендерге ұсынылуда, театрдың режиссерлік құрамы үнемі ізденіс үстінде.
Репертуарда 280 спектакль бар, оның ішінде орыс, қазақ спектакльдерімен қатар шетелдік классиктердің пьесалары көрермендері қуантуда..

