Жаңалықтар

Жалпы мәліметтер

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі 1939 жылы құрылған. Музейдің алғашқы экспозициясы 1890-1896 жылдары салынған Перовск Қазан-Богородтық шіркеуі орналасқан ғимаратта болды. Алғашқы директоры болып Крылов Илья Ипполитович тағайындалды. Облыстық музейдің қалыптасуына, құнды экспонаттардың жинақталуына қоғам қайраткері, 1956-1959 жылдары директор болған Иса Тоқтыбаевтың еңбегі зор болды. 1964-1972 жылдары музейге Ж.Құлымбетов, 1973-1976 жылдары С.Баязитов, 1976-1983 жылдары К.Қаракөзов, 1983-1985 жылдары Б.Бөлегенова, 1985-1993 жылдары Қ.Әбенов басшылық етті. 1980 жылы облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша музейге екі қабатты ғимарат беріліп, жаңа экспозиция 1985 жылдың 7-мамырында ашылды. Музейдің жаңа экспозициясын құнды экспонаттармен толықтыруда сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жарылқасын Үмбетов пен музей директоры Көмекбай Қаракөзов қажырлы еңбек етті. Музейге қосымша құрылыс салуға   Қалқабай Әбенов үлкен ықпал жасады. Мұнан кейінгі жылдары Г.Ибрагимова, Н.Мақсұтов, ал 2002-2009 жылдары Н.Мырзамұратова музейдің директорлары болып қызмет атқарды. 2001-2003 жылдары музейде реэкспозициялық жұмыстар жүргізіліп, барлық экспозициялары толығымен жаңартылды. Музей қорында 46196 экспонат сақтаулы. Оның 25946 негізгі қор экспонаттары болып табылады. Музей экспозициясы 14 залға орналасқан: өлке табиғаты (2), археология және этнография (4), қазіргі даму кезеңі (8). Қазіргі уақытта музей қызметінде жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы өте зор. Облыстық музейде Интернетке қосылған компьютерлер жүйесі, мультимедиялық кабинет толығымен жабдықталып, «Музеолог» бағдарламасы енгізілген. Музей жазба мәдениетінің дамуы тақырыбына, коллекциялар жиынтығын жасауға, анықтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөліп келеді. 1729-1920 жылдар аралығындағы Санкт-Петербург, Мәскеу, Ташкент қалалары баспаханаларынан ежелгі түрік, парсы, араб тілінде шығарылған сирек кездесетін кітап үлгілері музейдің мақтанышы болып табылады. Музей жанында Ақмешіт, Қорқыт-ата филиалдары жұмыс істейді. Ақмешіт филиалының экспозициясына Қызылорда қаласының 1925-1929 жылдары қазақ республикасының Астанасы болғандығы жайлы, Қорқыт-ата филиалының экспозициясында түркі әлемінің ойшылы Қорқыт-ата жайлы тарихи деректер мен материалдар орын алған.
04.02.2013 14:11 5265

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі 1939 жылы құрылған. Музейдің алғашқы экспозициясы 1890-1896 жылдары салынған Перовск Қазан-Богородтық шіркеуі орналасқан ғимаратта болды. Алғашқы директоры болып Крылов Илья Ипполитович тағайындалды.

Облыстық музейдің қалыптасуына, құнды экспонаттардың жинақталуына қоғам қайраткері, 1956-1959 жылдары директор болған Иса Тоқтыбаевтың еңбегі зор болды. 1964-1972 жылдары музейге Ж.Құлымбетов, 1973-1976 жылдары С.Баязитов, 1976-1983 жылдары К.Қаракөзов, 1983-1985 жылдары Б.Бөлегенова, 1985-1993 жылдары Қ.Әбенов басшылық етті. 1980 жылы облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша музейге екі қабатты ғимарат беріліп, жаңа экспозиция 1985 жылдың 7-мамырында ашылды. Музейдің жаңа экспозициясын құнды экспонаттармен толықтыруда сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жарылқасын Үмбетов пен музей директоры Көмекбай Қаракөзов қажырлы еңбек етті. Музейге қосымша құрылыс салуға   Қалқабай Әбенов үлкен ықпал жасады. Мұнан кейінгі жылдары Г.Ибрагимова, Н.Мақсұтов, ал 2002-2009 жылдары Н.Мырзамұратова музейдің директорлары болып қызмет атқарды.

2001-2003 жылдары музейде реэкспозициялық жұмыстар жүргізіліп, барлық экспозициялары толығымен жаңартылды. Музей қорында 46196 экспонат сақтаулы. Оның 25946 негізгі қор экспонаттары болып табылады. Музей экспозициясы 14 залға орналасқан: өлке табиғаты (2), археология және этнография (4), қазіргі даму кезеңі (8). Қазіргі уақытта музей қызметінде жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы өте зор. Облыстық музейде Интернетке қосылған компьютерлер жүйесі, мультимедиялық кабинет толығымен жабдықталып, «Музеолог» бағдарламасы енгізілген.

Музей жазба мәдениетінің дамуы тақырыбына, коллекциялар жиынтығын жасауға, анықтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөліп келеді. 1729-1920 жылдар аралығындағы Санкт-Петербург, Мәскеу, Ташкент қалалары баспаханаларынан ежелгі түрік, парсы, араб тілінде шығарылған сирек кездесетін кітап үлгілері музейдің мақтанышы болып табылады. Музей жанында Ақмешіт, Қорқыт-ата филиалдары жұмыс істейді. Ақмешіт филиалының экспозициясына Қызылорда қаласының 1925-1929 жылдары қазақ республикасының Астанасы болғандығы жайлы, Қорқыт-ата филиалының экспозициясында түркі әлемінің ойшылы Қорқыт-ата жайлы тарихи деректер мен материалдар орын алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға