Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек – Мәдениет министрі
Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Сіздер өңірлік деңгейдегі мәдениет «министрі» болғандықтан, өз облыстарыңыздағы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарында, шығармашылық оқу орындарында кімдер оқып жатқанын, олардың әрқайсысының аты-жөнін білулеріңіз керек. Ұлыбритания, Германия, Италия, Францияның оқу орындарын бітіріп келіп жатқан жастар біздің өңірлерде жұмыссыз жүр», - деді М. Құл-Мұхаммед.
Оның пайымынша, мәдениет басқармасы солардың барлығын жұмысқа тартып, облыстағы мәдениет мекемелерінің басшыларынан батыл талап етуі керек. Республикалық деңгейде бұл мәселе қолға алынған. Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек.