Жаңалықтар

Қазақстанда «Спорт» арнасы ашылады

Қазақстанда «Спорт» арнасы ашылады. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біздің саламыздағы мәдени, ақпараттық және ағартушылық, білім, ғылым мәселелерінде жергілікті жердегі шығармашылық ұйымдарымен, ғылыми зерттеу институттарымен, жергілікті жердегі университеттермен бірлесіп жұмыс істеу мәселесін бірлесе қолға алу керек. Мәселен, қазір республикалық «Балапан», «Мәдениет» «Ғылым» арналарын ашып жатырмыз», - деді М.Құл-Мұхаммед. Министрдің айтуынша, енді бірнеше айдан кейін «Спорт» арнасы ашылатын болады. «Осы арналардың барлығы тиісті министрліктердің бағдарламасымен бірге жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстар өңірлік деңгейде де қолға алынуы керек», - деп түйіндеді ол. Айымгүл Әбілева
04.02.2013 11:04 2268

Қазақстанда «Спорт» арнасы ашылады. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біздің саламыздағы мәдени, ақпараттық және ағартушылық, білім, ғылым мәселелерінде жергілікті жердегі шығармашылық ұйымдарымен, ғылыми зерттеу институттарымен, жергілікті жердегі университеттермен бірлесіп жұмыс істеу мәселесін бірлесе қолға алу керек. Мәселен, қазір республикалық «Балапан», «Мәдениет» «Ғылым» арналарын ашып жатырмыз», - деді М.Құл-Мұхаммед.

Министрдің айтуынша, енді бірнеше айдан кейін «Спорт» арнасы ашылатын болады.

«Осы арналардың барлығы тиісті министрліктердің бағдарламасымен бірге жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстар өңірлік деңгейде де қолға алынуы керек», - деп түйіндеді ол.

Айымгүл Әбілева
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға