«Дэвис Кубогы» жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды (видео)
Астанада теннистен халықаралық «Дэвис Кубогы» аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Австрия құрамасын қабылдаған қазақстандық құрама 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Жарыстың үшінші күні жекелей сындық шешуші кездесулер өтті. Ұлттық құрамадан Андрей Голубев қонақтар сапындағы ең үздік теннисші Юрген Мельцермен алаңға шыққан. Төрт сетке созылған кездесуде жерлесіміз 4:6, 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз атанған Қазақстан құрамасы халықаралық додадағы кезекті кездесуін Чехия елінің теннисшілерімен өткізеді. Ал чехиялық құрама алғашқы кездесуінде Швейцария спортшыларынан 3:2 есебімен басым түсті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

