Жаңалықтар

«Өрмекші адам» 126 метр биіктікке шықты (бейне)

Францияның жартасқа өрмелеушісі Ален Робер осы жолы Гаванадағы Либре қонақ үйіне шықты, деп хабарлайды 24 KZ. «Өрмекші адам» деген атпен танымал спортшы 126 метр биіктікті бағындырды. Бұрын бұл ғимаратта Фидель Кастроның штаб-пәтері болған. 50 жастағы А.Робер аталған ғимаратты арнайы таңдағанын айтады. Биік үй арабтың «Бурдж Халифасы» немесе Нью-Йорктегі «Эмпайр-стейттен» әлдақайда төмен болғанымен, қабырғасындағы тоттан төбеге шығу біршама қиындық туғызатындығын айтты. Айта кетейік, алғаш рет биіктікті ол қамалып қалған пәтерден шығу үшін 12 жасында бағындырған екен. Содан бері ол әлемнің әр бұрышындығы 80-ге жуық ғимарат төбесіне көтерілген.
04.02.2013 05:57 3135


Францияның жартасқа өрмелеушісі Ален Робер осы жолы Гаванадағы Либре қонақ үйіне шықты, деп хабарлайды 24 KZ.

«Өрмекші адам» деген атпен танымал спортшы 126 метр биіктікті бағындырды. Бұрын бұл ғимаратта Фидель Кастроның штаб-пәтері болған. 50 жастағы А.Робер аталған ғимаратты арнайы таңдағанын айтады. Биік үй арабтың «Бурдж Халифасы» немесе Нью-Йорктегі «Эмпайр-стейттен» әлдақайда төмен болғанымен, қабырғасындағы тоттан төбеге шығу біршама қиындық туғызатындығын айтты. Айта кетейік, алғаш рет биіктікті ол қамалып қалған пәтерден шығу үшін 12 жасында бағындырған екен. Содан бері ол әлемнің әр бұрышындығы 80-ге жуық ғимарат төбесіне көтерілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға