Жаңалықтар

Фариза Оңғарсынова

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966-1968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 1968-1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970-1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978-2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 2000-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.           Шығармалары: - Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1966; - Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1969; - Мазасыз шақ. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1972; - Асау толқын. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1973; - Көгершіндерім. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1974; - Биіктік. Очерктер. Алматы, «Жазушы», 1975; - Біздің Кәмшат. Повесть. Алматы, «Жазушы», 1976; - Сенің махаббатың. Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1977; - Шілде. Таңдамалы. Алматы, «Жазушы», 1978; - Нежность. Стихи. Алматы, «Жалын», 1978; - Тревоги. Стихи. Москва, «Молодая гвардия», 1979; - Озарение. Стихи. Москва, «Советский писатель», 1980; - Полдневный жар. Стихи. Алматы, «Жазушы», 1980; - Сұхбат. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1983; - Жүрек күнделігі. Таңдамалы. Алматы, «Жалын», 1984; - Дауа. Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1985; - Алмазный клинок. Стихи. Москва, «Художественная литература», 1984; - Ожидание солнца. Стихи. Москва, «Молодая гвардия», 1985; - Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. Алматы, «Жазушы», 1987; - 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.
03.02.2013 13:58 16786

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966-1968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.
1968-1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970-1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978-2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 2000-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.

          Шығармалары:

- Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1966;
- Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1969;
- Мазасыз шақ. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1972;
- Асау толқын. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1973;
- Көгершіндерім. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1974;
- Биіктік. Очерктер. Алматы, «Жазушы», 1975;
- Біздің Кәмшат. Повесть. Алматы, «Жазушы», 1976;
- Сенің махаббатың. Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1977;
- Шілде. Таңдамалы. Алматы, «Жазушы», 1978;
- Нежность. Стихи. Алматы, «Жалын», 1978;
- Тревоги. Стихи. Москва, «Молодая гвардия», 1979;
- Озарение. Стихи. Москва, «Советский писатель», 1980;
- Полдневный жар. Стихи. Алматы, «Жазушы», 1980;
- Сұхбат. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1983;
- Жүрек күнделігі. Таңдамалы. Алматы, «Жалын», 1984;
- Дауа. Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1985;
- Алмазный клинок. Стихи. Москва, «Художественная литература», 1984;
- Ожидание солнца. Стихи. Москва, «Молодая гвардия», 1985;
- Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. Алматы, «Жазушы», 1987;
- 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға