Жаңалықтар

Тайманұлы Исатай

Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған азаттық көтерілістің басшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, 1814 жылы қарашаның 25-інде Орынбор губернаторы осы ұсынысты және қағазға түсірілген қонысын бекітіп берді. 1817 жылы Орынбор шекара комиссиясы старшын Өтеміс Құлманиязұлын шаптың деп Исатай Тайманұлын Сарайшық қамалының түрмесіне жапты. Ел-жұрты 20 мың сом ақша жинап беріп, оны босатып алды. 1823 жылы Сығай сұлтан тама руының 2 адамын өлтірдің деген желеумен екінші рет түрмеге қаматтырды. Бірақ бұл істе айғақ-дәлелдері жол болып, Исатайды босатуға мәжбүр болды. Жәңгір хан таққа отырған соң И.Тайманұлының жағдайы біршама жақсарды. 1826 жылы Жәңгір хан батырдың бұрынғы қонысында қала беретінін мақұлдап, қуаттау қағазын берді. Жәңгір ханның тапсыруымен 1826 жылы қарашаның 29-ында Санкт-Петербордан қайтып келе жатқан Бұхар елшісін Сарайшық бекінісінде қарсы алып, Астраханға жеткізіп салды. 1827-1829 жылдары аралығында Исатай  Бөкей ордасы өмірінде айрықша белсенділік көрсетті.   Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа бастаған Ресей отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып, өздерін сыртқа қуа бастап, Орал казак-орыстары Жайық бойын иемденді. Мұндай қысымшылықты Исатай старшыны болып жүрген беріш руы да көрді. Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге бөліп, бірін жұртқа зорлық-зомбылығымен аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырды.  И.Тайманұлы Қарауылқожаның озбыр билігіне тыйым салуды ханнан батыл талап етіп, хат жазды. Бірақ ханнан еш жауап болмай, қайта батырдың өзін кінәлағандай болды. Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық Қарауылқожаға бағынудан бас тартып, Исатай мен Махамбеттің төңірегіне жинала бастады. Мұның аяғы тарихтан белгілі 1836-1837 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалардың феодалдық қанау мен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісіне ұласты. Көтеріліске Исатай мен Махамбет басшылық жасады. Көтерілістің басы – 1836 жылы 26 наурызда Қарауылқожаның 800 адамды бастап, Манаш – елді мекені маңындағы Исатай ауылын қоршауы болды. 1837 жылдың жазында көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. 1837 жылдың қыркүйек- қазан айларында көтерілісшілер Қарауылқожаның,Б. Құдайбергеновтің ауылдарын шауып, қолға түскен мал- мүліктерді шаруаларға таратып береді. Қараша айында Жәңгір хан шақыртқан подполковник Геке басқарған патша әскерлерімен Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болды.  1838 жылы  шілденің 12-інде  Геке мен Баймағамбет сұлтанның біріккен әскерімен  Ақбұлақ өзенінің бойында болған шайқаста Исатай Тайманұлы қаза тапты.
03.02.2013 13:41 11352

Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған азаттық көтерілістің басшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, 1814 жылы қарашаның 25-інде Орынбор губернаторы осы ұсынысты және қағазға түсірілген қонысын бекітіп берді. 1817 жылы Орынбор шекара комиссиясы старшын Өтеміс Құлманиязұлын шаптың деп Исатай Тайманұлын Сарайшық қамалының түрмесіне жапты.
Ел-жұрты 20 мың сом ақша жинап беріп, оны босатып алды. 1823 жылы Сығай сұлтан тама руының 2 адамын өлтірдің деген желеумен екінші рет түрмеге қаматтырды. Бірақ бұл істе айғақ-дәлелдері жол болып, Исатайды босатуға мәжбүр болды. Жәңгір хан таққа отырған соң И.Тайманұлының жағдайы біршама жақсарды. 1826 жылы Жәңгір хан батырдың бұрынғы қонысында қала беретінін мақұлдап, қуаттау қағазын берді. Жәңгір ханның тапсыруымен 1826 жылы қарашаның 29-ында Санкт-Петербордан қайтып келе жатқан Бұхар елшісін Сарайшық бекінісінде қарсы алып, Астраханға жеткізіп салды. 1827-1829 жылдары аралығында Исатай  Бөкей ордасы өмірінде айрықша белсенділік көрсетті.  
Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа бастаған Ресей отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып, өздерін сыртқа қуа бастап, Орал казак-орыстары Жайық бойын иемденді. Мұндай қысымшылықты Исатай старшыны болып жүрген беріш руы да көрді. Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге бөліп, бірін жұртқа зорлық-зомбылығымен аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырды.  И.Тайманұлы Қарауылқожаның озбыр билігіне тыйым салуды ханнан батыл талап етіп, хат жазды. Бірақ ханнан еш жауап болмай, қайта батырдың өзін кінәлағандай болды. Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық Қарауылқожаға бағынудан бас тартып, Исатай мен Махамбеттің төңірегіне жинала бастады. Мұның аяғы тарихтан белгілі 1836-1837 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалардың феодалдық қанау мен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісіне ұласты. Көтеріліске Исатай мен Махамбет басшылық жасады. Көтерілістің басы – 1836 жылы 26 наурызда Қарауылқожаның 800 адамды бастап, Манаш – елді мекені маңындағы Исатай ауылын қоршауы болды. 1837 жылдың жазында көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. 1837 жылдың қыркүйек- қазан айларында көтерілісшілер Қарауылқожаның,Б. Құдайбергеновтің ауылдарын шауып, қолға түскен мал- мүліктерді шаруаларға таратып береді.
Қараша айында Жәңгір хан шақыртқан подполковник Геке басқарған патша әскерлерімен Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болды.  1838 жылы  шілденің 12-інде  Геке мен Баймағамбет сұлтанның біріккен әскерімен  Ақбұлақ өзенінің бойында болған шайқаста Исатай Тайманұлы қаза тапты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға