Жаңалықтар

Сланов Ғабдол

Жазушы, ақын - 1911 жылы 11 қыркүйекте  Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы  қасиетті Тайсойған өңірінде туған. Азан шақырып қойған есімі – Ғабдолхамит. Өсе келе Ғабдол атанған. Ғабдолдың әкесінің шын есімі Ісламғали екен. Жігіт кезінде әдемі киініп жүргендіктен Сылан атанған. Әкесі жыршы, домбырашы, әнші болған.  Ғабдол төрт жасында шешесі мен онға келгенде әкесінен айырылады. Әуелі Орынбор қаласындағы техникалық-кәсіптік мектепте оқиды. 1928 — 30 жылы Мақат мұнай кәсіпшілігінде, Қазақстан Жер халық комиссариатында қызмет етті. 1930 жылы Алматыға қоныс аударып, 1946 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім бастығы, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің директоры, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет еткен.  Ғ.Слановтың әдебиет әлеміндегі тырнақалды туындылары 1931 жылы басталған. «Еңбекші қазақ» газетінде біртіндеп фельетон, очерктері мен шағын мақалалары жарияланып тұрады. Тұңғыш фельетондары І.Жансүгіров, очерктері Б.Майлин секілді әдебиеттің марқасқаларының өңделуімен, қолдарын қоюымен өткен. 1938 жылы «Өмірдің асқар биігінде» атты әңгімелер жинағы басылып шығады. 1939 жылы «Арман ағысы» атты повесін жазып,  ол Ленин комсомолының 20 жылдығына арналған республикалық конкурста сыйлыққа ие болып, 1940 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Соғыс жылдарында «Жанар тау», «Махамбет» трагедиялы шығармаларын жазуға бет бұрады. Бұл еңбектерді С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов сынды атақты жазушылар қарап, оң бағалаған. Ғабдол өлеңдері баспасөзде үздіксіз жарияланады. 1941 жылы  «Дөң асқан» романы жарық көрді. Бұл роман 1958 - 1965 жылдары екі мәрте  «Степь да степь» деген атпен  орыс тілінде басылып шықты. 1949 жылы «Кең өріс»  повесть күйінде қайта өңделіп, көлемі ұлғайып, 1954 жылы “Шалқар” деген атпен роман болып басылып шықты.  Кейін«Шалқар» романы «Советский писатель»баспасынанорыстіліндежарық көрді. 1963 жылы жазылған  «Асау арна» романы Жетісудағы жұмысшы табының қалыптасуына арналып, орыс тілінде  аударылып жарияланды. Жазушының соңғы және аяқталмаған шығармасы «Айқайтас» романы. Ғ.Сланов шығармалары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов шығармаларымен қатар қазақ прозасының қалыптасуы мен дамуына қосылған әдеби дүниелер болды. Автордың өзі жазушы ретінде кеңінен танылды.1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Атырау мұнайшыларының еңбегін суреттейтін «Жаңартау» романы жарыққа шықты. Роман қазақ әдебиетіндегі елдегі жұмысшы табына, Қазақстан мұнайшыларына арналған алғашқы әдеби шығарма болып саналады. Ғ.Сланов ұлы тұлғаларға хат жазуға баса назар аударған. Айнымас серігі Берік Қорқытовпен дәмі таусылғанша хат жазысқан. Тумысынан ақын, ауыз әдебиетін жетік білген, жырлар мен термелерді жатқа айтқан Ғабдол Сланов драма да жазған. Батыр Махамбет жайлы пьесасы алдымен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Оны 1968 жылы Гурьев театры сахналады. Ғ.Сланов тамаша очеркист, нағыз публицист, талантты журналист болды. Оның көптеген очерктері, алты томдық жинағына енді. Жазушы аударма саласымен де шұғылданды. Ол А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын қазақ тіліне аударды. Қазақ әдебиетінің тұғырлы тұлғасы 1969 жылы 58 жасында дүние салды.
03.02.2013 13:39 11446

Жазушы, ақын - 1911 жылы 11 қыркүйекте  Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы  қасиетті Тайсойған өңірінде туған. Азан шақырып қойған есімі – Ғабдолхамит. Өсе келе Ғабдол атанған. Ғабдолдың әкесінің шын есімі Ісламғали екен. Жігіт кезінде әдемі киініп жүргендіктен Сылан атанған. Әкесі жыршы, домбырашы, әнші болған.  Ғабдол төрт жасында шешесі мен онға келгенде әкесінен айырылады. Әуелі Орынбор қаласындағы техникалық-кәсіптік мектепте оқиды.
1928 — 30 жылы Мақат мұнай кәсіпшілігінде, Қазақстан Жер халық комиссариатында қызмет етті. 1930 жылы Алматыға қоныс аударып, 1946 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім бастығы, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің директоры, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет еткен.
 Ғ.Слановтың әдебиет әлеміндегі тырнақалды туындылары 1931 жылы басталған. «Еңбекші қазақ» газетінде біртіндеп фельетон, очерктері мен шағын мақалалары жарияланып тұрады. Тұңғыш фельетондары І.Жансүгіров, очерктері Б.Майлин секілді әдебиеттің марқасқаларының өңделуімен, қолдарын қоюымен өткен. 1938 жылы «Өмірдің асқар биігінде» атты әңгімелер жинағы басылып шығады.
1939 жылы «Арман ағысы» атты повесін жазып,  ол Ленин комсомолының 20 жылдығына арналған республикалық конкурста сыйлыққа ие болып, 1940 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Соғыс жылдарында «Жанар тау», «Махамбет» трагедиялы шығармаларын жазуға бет бұрады. Бұл еңбектерді С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов сынды атақты жазушылар қарап, оң бағалаған. Ғабдол өлеңдері баспасөзде үздіксіз жарияланады. 1941 жылы  «Дөң асқан» романы жарық көрді. Бұл роман 1958 - 1965 жылдары екі мәрте  «Степь да степь» деген атпен  орыс тілінде басылып шықты. 1949 жылы «Кең өріс»  повесть күйінде қайта өңделіп, көлемі ұлғайып, 1954 жылы “Шалқар” деген атпен роман болып басылып шықты.  Кейін«Шалқар» романы «Советский писатель»баспасынанорыстіліндежарық көрді.
1963 жылы жазылған  «Асау арна» романы Жетісудағы жұмысшы табының қалыптасуына арналып, орыс тілінде  аударылып жарияланды. Жазушының соңғы және аяқталмаған шығармасы «Айқайтас» романы. Ғ.Сланов шығармалары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов шығармаларымен қатар қазақ прозасының қалыптасуы мен дамуына қосылған әдеби дүниелер болды. Автордың өзі жазушы ретінде кеңінен танылды.1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Атырау мұнайшыларының еңбегін суреттейтін «Жаңартау» романы жарыққа шықты. Роман қазақ әдебиетіндегі елдегі жұмысшы табына, Қазақстан мұнайшыларына арналған алғашқы әдеби шығарма болып саналады.
Ғ.Сланов ұлы тұлғаларға хат жазуға баса назар аударған. Айнымас серігі Берік Қорқытовпен дәмі таусылғанша хат жазысқан. Тумысынан ақын, ауыз әдебиетін жетік білген, жырлар мен термелерді жатқа айтқан Ғабдол Сланов драма да жазған. Батыр Махамбет жайлы пьесасы алдымен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Оны 1968 жылы Гурьев театры сахналады. Ғ.Сланов тамаша очеркист, нағыз публицист, талантты журналист болды. Оның көптеген очерктері, алты томдық жинағына енді.
Жазушы аударма саласымен де шұғылданды. Ол А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын қазақ тіліне аударды. Қазақ әдебиетінің тұғырлы тұлғасы 1969 жылы 58 жасында дүние салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға