Өтешқали Дүйсенғалиұлы Атамбаев
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда қаржы ісін ұйымдастырушы - 1910 жылы 20 қыркүйекте Гурьев (Атырау) облысы Еспол (Индер) ауданының Тума ауылында дүниеге келген. 1925 жылдан 1927 жылдың қазан айына дейін Гурьев (Атырау) қаласындағы балық өндірісінде қара жұмысшы болып істеген. 1927 жылдың қазан айынан 1928 жылдың мамыр айына дейін Гурьев (Атырау) қаласында уездік атқару комитетінде іс қағаздарын тіркеуші болып еңбек еткен. 1928 жылдың мамыр айынан 1929 жылдың наурыз айына дейін Гурьев округтік статистика бөлімінің статисі болып қызмет атқарған.
1931 жылы Мемлекеттік банктің Гурьев қаласы бойынша бастығының көмекшісі болып тағайындалады. 1931- 1935 жылдары Куйбышев жоспарлау- экономика институтында оқып, бітіргеннен кейін ұзақ уақыт бойы Қазақ КСР Мемлекеттік банк жүйесінде еңбек етеді. 1942-1945 жылдары Қазақ КСР Қаржы комиссарының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді. 1945 – 1955 жылдары КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілдігін басқарады. 1955- 1961 жылдары Қазақ КСР қаржы министрі. 1961 – 1963 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары, 1963 -1966 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1963 – 1973 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі болып еңбек еткен. Өтешқали Дүйсенғалиұлы өзіне жүктелген лауазымдық қызметтермен қатар қоғамдық жұмыстарда да белсенділік таныта біледі. Ұзақ уақыт бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үшінші, төртінші және бесінші шақыруларының депутаты, Қазақстан КП ОК мүшесі болған. Екі жақтағы планшетте Ө. Атамбаевтың Жетінші шақырылған Жоғарғы Кеңестің бесінші сессиясында Москва, Кремль 1968 ж, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ХХІІІ съезінде Москва, Кремль 1966 ж, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде Москва, Кремль 1959 ж, Қазақстан Компартиясы ХІІ съезінің делегаттарымен Алматы 1966 ж, ҚазССР- ның 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста түскен фотосуреттері көрініс табады.
Әйнекті 2 подъемға Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттық билеттері 1951, 1955, 1959, 1963, 1967, 1971 жылдардағы және 15 дана өңірбелгілері, 20 жылдардағы Қазақстан комсомолдары атты фото альбом, үкіметтік құттықтау телеграммалары қойылады. Елімізге сіңірген еңбегі үшін Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. Елу жасқа толуына және мемлекеттік аппаратта ұзақ жылдар мінсіз жұмыс істегеніне байланысты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1960 жылғы 31 тамыздағы Указы бойынша, ҚазССР және Қазақстан Коммунистік партиясының 40 жылдығына байланысты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1961 жылғы 21 июльдегі Указы бойынша, ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1970 жылғы 18 сентябрдегі Указы бойынша, биік таудағы «Медеу» мұз стадионы ғимараттары комплексін салу жөніндегі жұмыстарды мерзімінен бұрын орындағаны үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1973 жылғы 16 апрелдегі Указымен Құрмет грамотасымен марапатталды.
1994 жылдың 26 қыркүйегінде дүниеден озды.