Жаңалықтар

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов

Ақын, жазушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы. 1935 жылы 28 қарашада Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазіргі Құрманғазы) ауданының Қошалақ ауылындағы Ашақ қонысында дүниеге келген. Жұме­кен ата­сы Нәжіме­ден Стамғази­евтің ба­уырын­да өсіп, тәрбие алған. Сөз бен та­рих және туған халқының дәстүрлеріне де­ген ыс­тық сүйіспеншілік сезімді ба­ла бойын­да қалып­тастырған сол кісі. 1956-1959 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқып, КСРО Жазушылар одағының Жоғары әдебиет курсын тәмамдаған. 1959-74 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974-78 жылдары ҚазКСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, 1978-83 жылдары «Мектеп» (қазіргі «Рауан») баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы тырнақалды тұңғыш жинағы «Балауса» 1961 жылы жарық көрді. 1965 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды» поэмалар жинағы, 1966 жылы «Жарық пен жылу», 1967 жылы «Күй кітабы», 1968 жылы «Мезгіл әуендері», 1970 жылы «Ұлым, саған айтам», 1977 жылы «Жеті бояу», 1980 жылы «Шуақ», 1981 жылы «Ашық аспан», 1985 жылы «Менің топырағым», 1988 жылы «Ұрпағым, саған айтам» атты поэзиялық жинақтары шықты. Шығармаларында негізінен Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл өмірі, ел тіршілігі, жастар өмірі суреттеледі. 1973 жылы «Ақ шағылдар», 1975 жылы «Кішкентай», 1977 жылы өнер адамдары жайлы жазылған «Даңқ пен дақпырт» романдары жарық көрді. Оның шығармалары алыс және таяу шетел халықтары тілдеріне аударылып, басылған. Ақын А.Вознесенскийдің, Е. Ев­ту­шен­ко­ның, Н. Хик­мет пен Ә. Фай­зи шығармаларын аударған. Жұме­кен Нәжіме­денов өзінің 48 жасқа то­лу­ына ал­ты күн қалған­да, 1983 жыл­дың 22 қарашасын­да дүни­еден оз­ды. Ақын өлімінен кейін жа­рық көрген он жи­нағына тірі кезінде жа­ри­ялан­баған өлеңдері, по­эма­лары, повес­тері мен ро­ман­да­ры, мақала­лары мен аудар­ма­лары және тоғыз күй енді. Жұме­кен Нәжіме­денов Қазақстан­ның қазіргі әнұран мәтінінің ав­то­ры. «Менің Қазақстаным» әні оның шығарма­шылық жо­лының ба­сын­да, ақын­ның 21 жа­сын­да жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апай­дың айтуын­ша Жұме­кен әнді осы­дан 50 жыл бұрын, 1956 жы­лы Ал­ма­тыда, белгілі қобыз­шы Гүлса­ра Бірманованың үйінде жазған. Ән Жа­мал Омарованың орындауында көпшілікке кеңінен танымал болған. 2006 жыл­дың 11 қаңта­рын­да «Менің Қазақста­ным» әні елдің мем­ле­кеттік әнұра­ны сипатын­да алғаш рет аста­налық "Ақор­да" ре­зиден­ци­ясы­ның шаңырағы ас­тында, Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­тың Қазақстан Пре­зиденті ла­уазы­мына сал­та­нат­ты түрде кірісу сәтінде орын­далды. Шығармалары: Елуінші жыл­дардың екінші жар­ты­сын­да, ал­пы­сын­шы жыл­дардың ба­сын­да Жұме­кеннің өлеңдері республикалық бас­пасөзде жиі жа­ри­яла­нып жүрді. Ал­пы­сын­шы жыл­дардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш ро­маны, аудар­ма кітап­та­ры «Жа­зушы», «Жа­лын» бас­па­лары­нан жа­рық көрді: «Ба­ла­уса» (1961), «Сы­бызғы сы­ры» (1962), «Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, ұмы­туға бол­май­ды» (1965), «Жа­рық пен жылу» (1966), «Күй кіта­бы» (1967), «Мен туған күн» (1972), «Мезгіл әуен­дері» (1968), «Ұлым, са­ган ай­там» (1970), «Қызғалдақ жай­лы бал­ла­да» (1971), «Ақ шағыл» (1973), «Кішкен­тай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977) «Темірқазық» (1981), «Менің то­пырағым» (1985) кітап­та­ры, үш том­дық шығар­ма­лар жи­нағы (1996-1997), «Мен – та­мыр­мын» дас­тандары (2001), «Қасірет пен қайсар­лық» (2001), «Жұме­кен» (2002), «Жаңғырық» (2003). 1967 жы­лы «Жоқ, ұмы­туға бол­май­ды!» ат­ты по­эма­сы үшін Қазақстан Ле­нин комсомолы сый­лығының ла­уреаты атанды.
03.02.2013 09:15 14196

Ақын, жазушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы.

1935 жылы 28 қарашада Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазіргі Құрманғазы) ауданының Қошалақ ауылындағы Ашақ қонысында дүниеге келген.
Жұме­кен ата­сы Нәжіме­ден Стамғази­евтің ба­уырын­да өсіп, тәрбие алған. Сөз бен та­рих және туған халқының дәстүрлеріне де­ген ыс­тық сүйіспеншілік сезімді ба­ла бойын­да қалып­тастырған сол кісі.
1956-1959 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқып, КСРО Жазушылар одағының Жоғары әдебиет курсын тәмамдаған. 1959-74 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974-78 жылдары ҚазКСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, 1978-83 жылдары «Мектеп» (қазіргі «Рауан») баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы тырнақалды тұңғыш жинағы «Балауса» 1961 жылы жарық көрді. 1965 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды» поэмалар жинағы, 1966 жылы «Жарық пен жылу», 1967 жылы «Күй кітабы», 1968 жылы «Мезгіл әуендері», 1970 жылы «Ұлым, саған айтам», 1977 жылы «Жеті бояу», 1980 жылы «Шуақ», 1981 жылы «Ашық аспан», 1985 жылы «Менің топырағым», 1988 жылы «Ұрпағым, саған айтам» атты поэзиялық жинақтары шықты. Шығармаларында негізінен Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл өмірі, ел тіршілігі, жастар өмірі суреттеледі. 1973 жылы «Ақ шағылдар», 1975 жылы «Кішкентай», 1977 жылы өнер адамдары жайлы жазылған «Даңқ пен дақпырт» романдары жарық көрді.
Оның шығармалары алыс және таяу шетел халықтары тілдеріне аударылып, басылған. Ақын А.Вознесенскийдің, Е. Ев­ту­шен­ко­ның, Н. Хик­мет пен Ә. Фай­зи шығармаларын аударған.
Жұме­кен Нәжіме­денов өзінің 48 жасқа то­лу­ына ал­ты күн қалған­да, 1983 жыл­дың 22 қарашасын­да дүни­еден оз­ды. Ақын өлімінен кейін жа­рық көрген он жи­нағына тірі кезінде жа­ри­ялан­баған өлеңдері, по­эма­лары, повес­тері мен ро­ман­да­ры, мақала­лары мен аудар­ма­лары және тоғыз күй енді.
Жұме­кен Нәжіме­денов Қазақстан­ның қазіргі әнұран мәтінінің ав­то­ры. «Менің Қазақстаным» әні оның шығарма­шылық жо­лының ба­сын­да, ақын­ның 21 жа­сын­да жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апай­дың айтуын­ша Жұме­кен әнді осы­дан 50 жыл бұрын, 1956 жы­лы Ал­ма­тыда, белгілі қобыз­шы Гүлса­ра Бірманованың үйінде жазған. Ән Жа­мал Омарованың орындауында көпшілікке кеңінен танымал болған.
2006 жыл­дың 11 қаңта­рын­да «Менің Қазақста­ным» әні елдің мем­ле­кеттік әнұра­ны сипатын­да алғаш рет аста­налық "Ақор­да" ре­зиден­ци­ясы­ның шаңырағы ас­тында, Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­тың Қазақстан Пре­зиденті ла­уазы­мына сал­та­нат­ты түрде кірісу сәтінде орын­далды.

Шығармалары:
Елуінші жыл­дардың екінші жар­ты­сын­да, ал­пы­сын­шы жыл­дардың ба­сын­да Жұме­кеннің өлеңдері республикалық бас­пасөзде жиі жа­ри­яла­нып жүрді. Ал­пы­сын­шы жыл­дардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш ро­маны, аудар­ма кітап­та­ры «Жа­зушы», «Жа­лын» бас­па­лары­нан жа­рық көрді: «Ба­ла­уса» (1961), «Сы­бызғы сы­ры» (1962), «Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, ұмы­туға бол­май­ды» (1965), «Жа­рық пен жылу» (1966), «Күй кіта­бы» (1967), «Мен туған күн» (1972), «Мезгіл әуен­дері» (1968), «Ұлым, са­ган ай­там» (1970), «Қызғалдақ жай­лы бал­ла­да» (1971), «Ақ шағыл» (1973), «Кішкен­тай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977) «Темірқазық» (1981), «Менің то­пырағым» (1985) кітап­та­ры, үш том­дық шығар­ма­лар жи­нағы (1996-1997), «Мен – та­мыр­мын» дас­тандары (2001), «Қасірет пен қайсар­лық» (2001), «Жұме­кен» (2002), «Жаңғырық» (2003). 1967 жы­лы «Жоқ, ұмы­туға бол­май­ды!» ат­ты по­эма­сы үшін Қазақстан Ле­нин комсомолы сый­лығының ла­уреаты атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға