Жаңалықтар

Ахметова Күләш

К. Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы» газетінде, 1973-1977 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан пионері» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдар аралығында «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде меңгеруші, редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. 1997 жылы жарық көрген «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді.
02.02.2013 13:28 21161

К. Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы» газетінде, 1973-1977 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан пионері» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдар аралығында «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде меңгеруші, редактор қызметтерін атқарған.

Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. 1997 жылы жарық көрген «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді.

К.Ахметованың өлең-жырлары бірнеше түркі халықтарының тілдеріне (өзбек, башқұрт, қырғыз және т.б.), сондай-ақ орыс, украин, белорус тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген.  

К.Ахметова – А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған аудармашы-ақын.

Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры – ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.

«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.

Тараз қаласының құрметті азаматы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Тәуелсіздіктің он жылдығына арналған републикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.

      Шығарамалары:

- Ақ гүлім менің. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1975 жыл;
- Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1977 жыл;
- Жапырақ – жаздың жүрегі. Өлеңдер, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1979 жыл;
- Мейрім. Өлеңдер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1981 жыл;
- Бұлақтағы жұлдыздар. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982 жыл;
- Ләйлектер қайтып келгенде (орыс тілінде). Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1985 жыл;
- Арғымақтар даласы. Өлеңдер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1987 жыл;
- Дауылдан кейінгі жорық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1990 жыл;
- Наурыз нұры. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1991 жыл;
- Күн шыққанда күліп оян. Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1996 жыл;
- Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997 жыл.

К.Ахметованың бұдан басқа «Бақ» (2005 жыл), «Құт» (2005 жыл), «Махаббат» (2006 жыл) т.б кітаптары жарық көрген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға