Жаңалықтар

Туризм

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты тынығуға, емделуге, альпинизммен, тау шаңғысы спортымен, аңшылықпен айналысуға өте қолайлы. Бүгінде туризм – Оңтүстік Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор салаларының бірі. Облыста 802 тарих және мәдениет ескерткіштері бар,  оның ішінде 530-ы арехологиялық, 44-і тарихи, 228-і сәулет өнерінің ескерткіштері. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстандық телімі  оның батысынан шығысына қарай жүргенде Шаштан (қазіргі Ташкент) Тұрбат өткелі арқылы Испиджабқа, Сайрамға апарады. Көне қаланың атауы күні бүгінге дейін сақталған. Шымкент іргесінде кент осылайша аталады,  оның орталығында Жібек жолының аса ірі орталықтарының бірі болған ортағасырлық қаланың орны бар. Испиджабтан құлдарды, ақ кездемелер, қару-жарақ, семсер, мыс пен темір тасыған. Испиджабтан шыққан керуендер Шараб және Будухкет шаһарлары арқылы шығыстағы Таразға көш түзеген. Бүкіл Жібек жолының бойындағы керуен жолында Отырар мен Түркістан сияқты бай қалалар, сауда-қолөнер мекендері, керуен-сарайлар бой көтеріп, гүлденді. «Отырар» – ежелгі атауы Фараб, Қазақстан аумағындағы көне қала. Ұлы ғұлама ғалым, екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері. VIII ғасырдан бастап Отырар Тарбанд атауымен белгілі болған. Бұл атауы ежелгі түркі жазбаларында кездеседі. Отырар шаһары Еуропа мен қытай арасындағы жолдарда орналасқан сауда орталығы болған (10-12 ғғ.). IX-X ғғ. Отырар гүлденген ірі қала, ғылымның орталығына айналды. Мұнда үлкен медреселер, мешіттер, ханакалар, кесенелер орналасқан. Қала қамал қабырғаларымен қоршалып, үш қақпасы болған. Бұл қалада бүкіл дүниежүзіне әйгілі «ұлы Отырар кітапханасы» болған. Қамал қабырғасының, қақпалары мен басқа құрылыстарының қалдықтары біздің заманымызға дейін сақталды. Отырар шаһарының орнында ислам уағыздаушысы, діни мистик, Қ.А.Йасауидың ұстазы әрі рухани тәлімгері, XII ғасырда өмір сүрген Арыстан бабтың кесенесі бар. Кесене – XIV ғ. сәулет өнерінің мұрасы. 2001 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен бүкіл әлем ежелгі Тұран бесігі, тарихы тағдыры Ахмет Йасауидың тағдырымен байланысты Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлады. Бүгінде Түркістан бүкіл мұсылман әлемінің, барша түркі тілдес халықтарының рухани орталығы, рухани мінәжат орны. Суда жүзуді сүйетіндер үшін Оңтүстік Қазақстанда өзен жеткілікті. Олардың ең үлкендері – Сырдария, Арыс, Бадам, Боралдай, Бөген өзендері. Өзен жағалауларын бойлаған сақырауқұлақ терушілер әрқашан жақсы олжадан кенде қалмайды. Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандары туризмнің ұйымдасқан және өз бетінше тауға жаяу шығу, салт атты және тағы басқа түрлерін, соның ішінде тынығудың бірқалыпты тыныштығын ұнататындар үшін қызықты. Төле би ауданының табиғи-климаттық жағдайлары мен орналасқан орны қысқы туризмге қолайлы. Мұнда жаңа шаңғы базасы мен арқанды жол салынған. Тынығу лагерьлері қайта құрылып, алуан түрлі қызмет көрсету құрылымдарының желісі дамытылуда. Солтүстік Созақ ауданының дархан даласында өлкенің маржан көлі – Қызылкөл Қаратау бөктерінде көсіле орналасқан. Көл суының шипалы қасиеттері бар. Туристерді тынығып, шомылуға Шардара мен Бөген су қоймалары шақырады. Қаланың Тянь-Шань тауының сілемдеріне жақын орналасуы өңір тұрғындары мен қонақтарына таудың саумал ауасымен тыныстап, әр түрлі тау соқпақтарымен саяхаттап, аспанасты сұлулықты тамашалауға бірегей мүмкіндік береді. Саяхат бағдарлары Сайрам-су шатқалында көп. Сапар «Альтекс» кемпингінен басталады. Мұнда арнайы жабдықталған туристік үйшіктер мен шатыр тұрғызуға орайластырылған орындар бар. Кемпинг аумағында қайың сыпыртқысы, хош иісті майлар мен жалбыз шайы бар екі нағыз орыс моншасы жұмыс істейді. Ағаш моншада бусанып алып, таудың мұздай суына күмп беруге болады. Қазығұрт тауының бөктерлерінде «Ақбура әулие» кесенесі, «Атбұлақ Тесіктас» киелі орны, сондай-ақ үңгірлер мен «Қырық қыз» тас мүсіндері бар. Теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан Қазығұрт шыңы да аңызбен ұштасқан. Қазақ халқы үшін ол Кавказдағы Арарат тауы сияқты қасиетті жер. Аңыз бойынша, Жер жүзін топан су басқанда бұл жерге әлемнің әр түкпіріндегі әр түрлі тау шыңдарына аялдаған Нұқ пайғамбардың кемесі келген екен. Оған қоса, Қазығұрттың екінші, анағұрлым көне атауы – «Кеме қалған шың». Қазығұртты қазақ ақындары Абай мен Мағжан Жұмабаев жырлаған. Облыс аумағында адамдарды емдеуге пайдаланылатын қайталанбас табиғи ресурстар бар. Оларға ең алдымен құрамы мен адам ағзасына әсері жағынан теңдесі жоқ минералды және ыстың (термальды) сулар жатады. Бүкіл әлемге әйгілі «Сарыағаш» суы көптеген дертке дауа. Минералды және ыстың (термальды) қайнарларды табиғат бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына шашыратып тастағандай. Олар қолданыстағы Сарыағаш шипажайында, Кентау қаласының оңтүстігіндегі ұңғымаларда, Қаратау бөктерлерінде, Шаға өзенінің көрікті аңғарларында, Ордабасы ауданының орталығына жақын орналасқан Темірлан ауылында және Манкент ауылында бар. Ақсу, Түлкібас ауданы мен Тұрар Рысқұлов ауылының шипалы климаты жүрек-тамыр жүйесі ауруларына шалдыққан адамдар үшін ерекше құнды. Оңтүстік Қазақстан облысында бірегей табиғат жағдайлары мен минералды су көздерінің арқасында ондаған шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары салынды. Жыл бойы мұнда ТМД мен алыс шетелдерден ондаған мың адам келіп, ем қабылдайды. «Алтын Бұлақ» емдеу-сауықтыру орны әсем көлдің жағалауындағы орманды алқапта, «Сарыағаш» минералды су көздерінің тұсында орналасқан. «Сарыағаш» шипажайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД аумағына танымал. «Сарыағаш» шипажайының тарихы 1946 жылдан бастау алады, сол жылы геологтар ізденіс бұрғылауларын жүргізген кезде 1400 метр тереңдікте ыстың мөлдір су көзін тауып, оның минералды екені анықтады. «Жансая» шипажайы «Сарыағаш» курортының аумағында, қайнарлар мен курорт саябағының қасында орналасқан. «Көктерек Сарыағаш» шипажайы Сарыағаш қаласының табиғаты әсем ауданында орналасқан. Жылы климат жағдайлары, таза ауа, самал жел, күн сәулесінің мол түсуі, минералды су, осының бәрі – шипажайдың аса құнды табиғи және климаттық емдік факторлары. «Арман» шипажайы 1982 жылы КСРО ІІМ қызметкерлері үшін арнайы салынған. Ол – Қазақстанда да, таяу шетелде де белгілі демалыс және сауықтыру орны. Заманның ең жаңа талаптарына сай Aray Deluxe Thermal Resort сауықтыру кешені Сарыағаш қаласында орналасқан. Бұл – медициналық қызметтер көрсетілетін минералды курорт. «Біркөлік» емдеу-сауықтыру орны Төле би ауданының Біркөлік шатқалында орналасқан. Біркөлік шатқалы Тянь-Шань сілемінің тарамдарында теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте, облыс орталығы Шымкент қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. «Манкент» шипажайы Сайрам ауданында, Шымкент қаласынан 25 км жерде орналасқан. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын қанағаттандыратын үш қабатты «Ақ Жайық» шипажайы 2008 жылдан бері емделушілерді қабылдайды. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 10:11 10973

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты тынығуға, емделуге, альпинизммен, тау шаңғысы спортымен, аңшылықпен айналысуға өте қолайлы. Бүгінде туризм – Оңтүстік Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор салаларының бірі. Облыста 802 тарих және мәдениет ескерткіштері бар,  оның ішінде 530-ы арехологиялық, 44-і тарихи, 228-і сәулет өнерінің ескерткіштері. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстандық телімі  оның батысынан шығысына қарай жүргенде Шаштан (қазіргі Ташкент) Тұрбат өткелі арқылы Испиджабқа, Сайрамға апарады. Көне қаланың атауы күні бүгінге дейін сақталған. Шымкент іргесінде кент осылайша аталады,  оның орталығында Жібек жолының аса ірі орталықтарының бірі болған ортағасырлық қаланың орны бар. Испиджабтан құлдарды, ақ кездемелер, қару-жарақ, семсер, мыс пен темір тасыған. Испиджабтан шыққан керуендер Шараб және Будухкет шаһарлары арқылы шығыстағы Таразға көш түзеген. Бүкіл Жібек жолының бойындағы керуен жолында Отырар мен Түркістан сияқты бай қалалар, сауда-қолөнер мекендері, керуен-сарайлар бой көтеріп, гүлденді.

«Отырар» – ежелгі атауы Фараб, Қазақстан аумағындағы көне қала. Ұлы ғұлама ғалым, екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері. VIII ғасырдан бастап Отырар Тарбанд атауымен белгілі болған. Бұл атауы ежелгі түркі жазбаларында кездеседі. Отырар шаһары Еуропа мен қытай арасындағы жолдарда орналасқан сауда орталығы болған (10-12 ғғ.). IX-X ғғ. Отырар гүлденген ірі қала, ғылымның орталығына айналды. Мұнда үлкен медреселер, мешіттер, ханакалар, кесенелер орналасқан. Қала қамал қабырғаларымен қоршалып, үш қақпасы болған. Бұл қалада бүкіл дүниежүзіне әйгілі «ұлы Отырар кітапханасы» болған. Қамал қабырғасының, қақпалары мен басқа құрылыстарының қалдықтары біздің заманымызға дейін сақталды. Отырар шаһарының орнында ислам уағыздаушысы, діни мистик, Қ.А.Йасауидың ұстазы әрі рухани тәлімгері, XII ғасырда өмір сүрген Арыстан бабтың кесенесі бар. Кесене – XIV ғ. сәулет өнерінің мұрасы.

2001 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен бүкіл әлем ежелгі Тұран бесігі, тарихы тағдыры Ахмет Йасауидың тағдырымен байланысты Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлады. Бүгінде Түркістан бүкіл мұсылман әлемінің, барша түркі тілдес халықтарының рухани орталығы, рухани мінәжат орны.

Суда жүзуді сүйетіндер үшін Оңтүстік Қазақстанда өзен жеткілікті. Олардың ең үлкендері – Сырдария, Арыс, Бадам, Боралдай, Бөген өзендері. Өзен жағалауларын бойлаған сақырауқұлақ терушілер әрқашан жақсы олжадан кенде қалмайды. Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандары туризмнің ұйымдасқан және өз бетінше тауға жаяу шығу, салт атты және тағы басқа түрлерін, соның ішінде тынығудың бірқалыпты тыныштығын ұнататындар үшін қызықты. Төле би ауданының табиғи-климаттық жағдайлары мен орналасқан орны қысқы туризмге қолайлы. Мұнда жаңа шаңғы базасы мен арқанды жол салынған. Тынығу лагерьлері қайта құрылып, алуан түрлі қызмет көрсету құрылымдарының желісі дамытылуда.

Солтүстік Созақ ауданының дархан даласында өлкенің маржан көлі – Қызылкөл Қаратау бөктерінде көсіле орналасқан. Көл суының шипалы қасиеттері бар. Туристерді тынығып, шомылуға Шардара мен Бөген су қоймалары шақырады. Қаланың Тянь-Шань тауының сілемдеріне жақын орналасуы өңір тұрғындары мен қонақтарына таудың саумал ауасымен тыныстап, әр түрлі тау соқпақтарымен саяхаттап, аспанасты сұлулықты тамашалауға бірегей мүмкіндік береді. Саяхат бағдарлары Сайрам-су шатқалында көп. Сапар «Альтекс» кемпингінен басталады. Мұнда арнайы жабдықталған туристік үйшіктер мен шатыр тұрғызуға орайластырылған орындар бар. Кемпинг аумағында қайың сыпыртқысы, хош иісті майлар мен жалбыз шайы бар екі нағыз орыс моншасы жұмыс істейді. Ағаш моншада бусанып алып, таудың мұздай суына күмп беруге болады.

Қазығұрт тауының бөктерлерінде «Ақбура әулие» кесенесі, «Атбұлақ Тесіктас» киелі орны, сондай-ақ үңгірлер мен «Қырық қыз» тас мүсіндері бар. Теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан Қазығұрт шыңы да аңызбен ұштасқан. Қазақ халқы үшін ол Кавказдағы Арарат тауы сияқты қасиетті жер. Аңыз бойынша, Жер жүзін топан су басқанда бұл жерге әлемнің әр түкпіріндегі әр түрлі тау шыңдарына аялдаған Нұқ пайғамбардың кемесі келген екен. Оған қоса, Қазығұрттың екінші, анағұрлым көне атауы – «Кеме қалған шың». Қазығұртты қазақ ақындары Абай мен Мағжан Жұмабаев жырлаған.

Облыс аумағында адамдарды емдеуге пайдаланылатын қайталанбас табиғи ресурстар бар. Оларға ең алдымен құрамы мен адам ағзасына әсері жағынан теңдесі жоқ минералды және ыстың (термальды) сулар жатады. Бүкіл әлемге әйгілі «Сарыағаш» суы көптеген дертке дауа. Минералды және ыстың (термальды) қайнарларды табиғат бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына шашыратып тастағандай. Олар қолданыстағы Сарыағаш шипажайында, Кентау қаласының оңтүстігіндегі ұңғымаларда, Қаратау бөктерлерінде, Шаға өзенінің көрікті аңғарларында, Ордабасы ауданының орталығына жақын орналасқан Темірлан ауылында және Манкент ауылында бар. Ақсу, Түлкібас ауданы мен Тұрар Рысқұлов ауылының шипалы климаты жүрек-тамыр жүйесі ауруларына шалдыққан адамдар үшін ерекше құнды.

Оңтүстік Қазақстан облысында бірегей табиғат жағдайлары мен минералды су көздерінің арқасында ондаған шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары салынды. Жыл бойы мұнда ТМД мен алыс шетелдерден ондаған мың адам келіп, ем қабылдайды.

«Алтын Бұлақ» емдеу-сауықтыру орны әсем көлдің жағалауындағы орманды алқапта, «Сарыағаш» минералды су көздерінің тұсында орналасқан. «Сарыағаш» шипажайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД аумағына танымал. «Сарыағаш» шипажайының тарихы 1946 жылдан бастау алады, сол жылы геологтар ізденіс бұрғылауларын жүргізген кезде 1400 метр тереңдікте ыстың мөлдір су көзін тауып, оның минералды екені анықтады. «Жансая» шипажайы «Сарыағаш» курортының аумағында, қайнарлар мен курорт саябағының қасында орналасқан. «Көктерек Сарыағаш» шипажайы Сарыағаш қаласының табиғаты әсем ауданында орналасқан. Жылы климат жағдайлары, таза ауа, самал жел, күн сәулесінің мол түсуі, минералды су, осының бәрі – шипажайдың аса құнды табиғи және климаттық емдік факторлары. «Арман» шипажайы 1982 жылы КСРО ІІМ қызметкерлері үшін арнайы салынған. Ол – Қазақстанда да, таяу шетелде де белгілі демалыс және сауықтыру орны. Заманның ең жаңа талаптарына сай Aray Deluxe Thermal Resort сауықтыру кешені Сарыағаш қаласында орналасқан. Бұл – медициналық қызметтер көрсетілетін минералды курорт.

«Біркөлік» емдеу-сауықтыру орны Төле би ауданының Біркөлік шатқалында орналасқан. Біркөлік шатқалы Тянь-Шань сілемінің тарамдарында теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте, облыс орталығы Шымкент қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. «Манкент» шипажайы Сайрам ауданында, Шымкент қаласынан 25 км жерде орналасқан. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын қанағаттандыратын үш қабатты «Ақ Жайық» шипажайы 2008 жылдан бері емделушілерді қабылдайды.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға