Жаңалықтар

Темір жол және әуе тасымалы

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан жалпы ұзындығы 444,6 шақырым болатын екі бағыттағы темір жол желісі өтеді. Әуе көлігімен 130 мың тонна жүк пен 190 мың жолаушы тасымалданады. Теміржол жолаушылар тасымалына Шымкент, Түркістан, Арыс, Түлкібас, Манкент, Бадам және Шеңгелді қалаларындағы 7 вокзал қызмет көрсетеді. Облыс тұрғындарының көптеген өтініштеріне байланысты 2008 жылы «Шымкент-Сарыағаш» маршруты Түлкібас стансасына дейін ұзартылып, аптасына төрт рет жүргізілетін болды. 2012 жылдың шілде айының басында Шымкенттен Түркістанға рельспен жүретін жолаушыларға жайлы алғашқы «автобус» аттанды. Бұл «автобус» мұнан кейін Шымкент пен Түркістан арасында тұрақты қатынайтын болады. Аталған екі қаланың ортасында 15 елді мекенде 55 мың адам тұрады, міне осы тұрғындарға аталған автобустың пайдасы зор болмақ, өйткені бұл ауылдарда басқа қатынас жолдары жоқ. Жаңа пойыз өздік технологиялар негізінде әлемдік стандарттарға сай жасалған. Пойыз жүрісінің графигі екі қала аралығындағы елдімекен тұрғындарының тілектері ескеріле отырып жасалды. Небәрі 277 теңге төлеп кез-келген адам 3,5 сағатта Шымкенттен Түркістанға жете алады. Қалааралық пойызға жыл сайын бюджеттен 134 млн теңге субсидия бөлінеді. Рельстегі «автобус» тиімділігін күшейту үшін аптасына үш рет ШымкентТүркістан бағытында жүрсе, қалған күндері жолаушылар жиі баратын Сарыағашқа жіберу жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстан облысының әуе қақпасы Шымкент әуежайы халықаралық әуежай болып саналады. Азаматтық авиация 27 мың км желіде жұмыс істейді. Қаланың батыс жақына салынған әуежай R482, B142, B114, P206, B30 халықаралық әуе желілерінің қиылысында, Ташкенттен 100, Қызылордадан 450, Бішкектен 500, Алматыдан 700 км қашықтықта жатыр. Сағатына 350 жолаушы өткізе алатын терминалы бар әуежайдың көлемі 5 мың 380 шаршы метр. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайында 3300 метр бетондалған ұшу-қону жолағы жұмыс істейді. 2006-2007 жылдары жүргізілген жөндеу жұмыстарынына кейін әуежай ең ауыр ұшақтарды да қабылдай алатын жағдайға жетті. Ұшу жолағы осы заманғы қондыру жүйелерімен жарақтандырылып, жаңа метеорологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталды. Өңірдің сауда-өнеркәсіптік қатынастарының жоғары қарқынын ескере отырып, таяу жылдары жаңа аэровокзал кешенін салу жоспарлануда. Бұл жоспар бойынша оның аумағы 5380 шаршы метрге жетіп, өткізу қабілеті сағатына 400 жолаушыны қамти алатындай болуы тиіс. Алматыдан Шымкентке ұшатын тікелей рейстерді Air Astana мен SCAT ұшақтары жүзеге асырады. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы мен елдің Оңтүстік астанасы Алматының арақашықтығы аса қашық болмағандықтан ұшақ 1-1,5 сағатта еш жерге қонбай екі қалаға жете алады. Астанадан Алматыға ұшатын рейстерді де Air Astana мен SCAT әуе компанияларының ұшақтары еш жерге қонбай 1 сағат 40 минутта ұшып өтеді. Шымкент қаласы әуежайының тарихы осы облыс құрылған кезден-ақ басталады деуге болады. 1932 жылы 28 наурызда Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы авиабазасы ұйымдастырылып, екі ұшқыштар отряды авиациялық-техникалық жұмыстарды орындады. Әуелі шегірткемен күресетін ПО-2 үлгісіндегі 50 ұшақ әкелінді. Авиация базасына қала жанынан 112,5 гектар жер берілді. Қазір бұл жерде әл-Фараби атындағы орталық алаң тұр. Бір жыл өтпей-ақ авиаотряд жолаушылар мен пошта тасуға кірісті. Соғыс жылдары осы базада оқу-тәжірибе эскадрильясы құрылды. Бүгінде драматеатр мен технобақ тұрған жерде майданға аттанатын ұшқыштарды жаттығудан өткізген еді. 1963 жылы авиабаза қазіргі тұрған жеріне көшірілді. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 10:04 7929

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан жалпы ұзындығы 444,6 шақырым болатын екі бағыттағы темір жол желісі өтеді. Әуе көлігімен 130 мың тонна жүк пен 190 мың жолаушы тасымалданады.

Теміржол жолаушылар тасымалына Шымкент, Түркістан, Арыс, Түлкібас, Манкент, Бадам және Шеңгелді қалаларындағы 7 вокзал қызмет көрсетеді. Облыс тұрғындарының көптеген өтініштеріне байланысты 2008 жылы «Шымкент-Сарыағаш» маршруты Түлкібас стансасына дейін ұзартылып, аптасына төрт рет жүргізілетін болды.

2012 жылдың шілде айының басында Шымкенттен Түркістанға рельспен жүретін жолаушыларға жайлы алғашқы «автобус» аттанды. Бұл «автобус» мұнан кейін Шымкент пен Түркістан арасында тұрақты қатынайтын болады. Аталған екі қаланың ортасында 15 елді мекенде 55 мың адам тұрады, міне осы тұрғындарға аталған автобустың пайдасы зор болмақ, өйткені бұл ауылдарда басқа қатынас жолдары жоқ. Жаңа пойыз өздік технологиялар негізінде әлемдік стандарттарға сай жасалған. Пойыз жүрісінің графигі екі қала аралығындағы елдімекен тұрғындарының тілектері ескеріле отырып жасалды. Небәрі 277 теңге төлеп кез-келген адам 3,5 сағатта Шымкенттен Түркістанға жете алады. Қалааралық пойызға жыл сайын бюджеттен 134 млн теңге субсидия бөлінеді. Рельстегі «автобус» тиімділігін күшейту үшін аптасына үш рет ШымкентТүркістан бағытында жүрсе, қалған күндері жолаушылар жиі баратын Сарыағашқа жіберу жоспарлануда.

Оңтүстік Қазақстан облысының әуе қақпасы Шымкент әуежайы халықаралық әуежай болып саналады. Азаматтық авиация 27 мың км желіде жұмыс істейді. Қаланың батыс жақына салынған әуежай R482, B142, B114, P206, B30 халықаралық әуе желілерінің қиылысында, Ташкенттен 100, Қызылордадан 450, Бішкектен 500, Алматыдан 700 км қашықтықта жатыр. Сағатына 350 жолаушы өткізе алатын терминалы бар әуежайдың көлемі 5 мың 380 шаршы метр. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайында 3300 метр бетондалған ұшу-қону жолағы жұмыс істейді. 2006-2007 жылдары жүргізілген жөндеу жұмыстарынына кейін әуежай ең ауыр ұшақтарды да қабылдай алатын жағдайға жетті. Ұшу жолағы осы заманғы қондыру жүйелерімен жарақтандырылып, жаңа метеорологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталды.

Өңірдің сауда-өнеркәсіптік қатынастарының жоғары қарқынын ескере отырып, таяу жылдары жаңа аэровокзал кешенін салу жоспарлануда. Бұл жоспар бойынша оның аумағы 5380 шаршы метрге жетіп, өткізу қабілеті сағатына 400 жолаушыны қамти алатындай болуы тиіс.

Алматыдан Шымкентке ұшатын тікелей рейстерді Air Astana мен SCAT ұшақтары жүзеге асырады. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы мен елдің Оңтүстік астанасы Алматының арақашықтығы аса қашық болмағандықтан ұшақ 1-1,5 сағатта еш жерге қонбай екі қалаға жете алады. Астанадан Алматыға ұшатын рейстерді де Air Astana мен SCAT әуе компанияларының ұшақтары еш жерге қонбай 1 сағат 40 минутта ұшып өтеді.

Шымкент қаласы әуежайының тарихы осы облыс құрылған кезден-ақ басталады деуге болады. 1932 жылы 28 наурызда Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы авиабазасы ұйымдастырылып, екі ұшқыштар отряды авиациялық-техникалық жұмыстарды орындады. Әуелі шегірткемен күресетін ПО-2 үлгісіндегі 50 ұшақ әкелінді. Авиация базасына қала жанынан 112,5 гектар жер берілді. Қазір бұл жерде әл-Фараби атындағы орталық алаң тұр. Бір жыл өтпей-ақ авиаотряд жолаушылар мен пошта тасуға кірісті. Соғыс жылдары осы базада оқу-тәжірибе эскадрильясы құрылды. Бүгінде драматеатр мен технобақ тұрған жерде майданға аттанатын ұшқыштарды жаттығудан өткізген еді. 1963 жылы авиабаза қазіргі тұрған жеріне көшірілді.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға